{metadescription}
0:000:00
Баға алмаса баласын, мемлекет алып қарасын!

Баға алмаса баласын, мемлекет алып қарасын!

Баға алмаса баласын, мемлекет алып қарасын! Қазір Астанада осындай мақсатпен тұрмысы нашар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды тіркеуге алу жұмыстары жүріп жатыр. Өйткені қазір елордада  өз балаларына қамқор бола алмай отырған отбасылар саны 500-ге тартады. 

Ішкі істер департаменті екі күндік рейд ұйымдастырып, балаларына алаңсыз қарай алмай отырғандарды анықтап, оларды ата-ана құқығынан айыру жұмыстарына кірісіп кетті. 

- Анасы ішімдік ішеді. Баланың тәрбиесімен айналыспайды,сабақтан қалады,көп бала, үйдің жағдайы нашар.

 Дәл осындай жағдаймен тіркеуге алынған отбасыларды көзбен көрсеңіз,  жағдайлары одан да сорақы. Мына азаматшаның өз үйі бола тұра,  оны жынойнаққа айналдырған. Өз үйінде бөтелкелес достарымен жатып ішеді. Ал балалары басы ауған жаққа безіп кеткен. Әйелдің өзі жынды сумен жақын екендігіне қысылмайды.

Ал мына отбасының қора-жайы және даңғарадай үйі бар. Бірақ бес балалары бола тұра,  олардың тағдырына алаңдамайтын сыңайлы. Қол-аяқтары сау болса да, жұмыс істеп, табыс табуға құлықсыз.

Бұл - ата-аналар өз кезегінде балаларының құқығын бұзып отырғандар. Бірақ құрығы ұзын мемлекет оларды  «бұлайша қалдырмаймыз»  деп отыр. Осы отбасылардың барлығы оңалту мақсатында есепке алынады. Ай сайын тексеріледі, егер түзелмесе,қолданар шара басқаша.

Айнұр Әлім, Астана қаласы Алматы ауданының учаскелік инспекторы:

- Егер отбасы түзелмей, одан әрі балалардың өміріне,  денсаулығына қауіп қатер төнетін болса,  ата-ана  құқығынан айыруға сотқа істі жолдаймыз. Балалар балалар үйіне жіберіледі. Үкіметтің қамқорында болады. Ата-ана құқығынан айырылады,алимент төлейді.

 

Қазір қалада тұрмысы нашар отбасылар саны 430-дан астам. Осы отбасыларда жалпы саны 673 бала бар екен. Қазірдің өзінде 7 –уі ата-ана құқығынан айырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде