{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде жиырма төрт отбасының баспаналары апатты жағдайда

Ақтөбеде жиырма төрт отбасының баспаналары апатты жағдайда

Ақтөбеде жиырма төрт отбасының баспаналары апатты жағдайда. Бұл үйлер қырық жыл бұрын сүріліп, тұрғындары тәуір үйге қоныстандырылуы тиіс болатын. Содан бері осы екі қабатты 3 үйдің сау тамтығы қалмады. Ал жергілікті билік әлі күнге құрғақ уәде берумен келеді. Төбесі опырылып, қабырғасы құлағалы тұрған үйлердің тұрғындарымен Жаңалық Ахаш жүздесіп қайтты. 

Кезінде  бұл  үйді неміс тұтқындары салған екен. Іргетсының қаланғанына сексен жылдан асса да, бұл үйде адамдар тұрып жатыр.  «Тұрып жатыр»  деген аты болмаса,  тұрғындар баспаналарына күн сайын жандарын шүберекке түйіп кіреді. Себебі: қабырғасы қақырап, есік-терезесі сөгіліп жатыр.

Тұрғындар үйлеріне жөндеу жасамақ түгілі, қабырғаға шеге қағуға қорқады. Себебі:кішкентай соққының өзінен төбеңе топырақ себіле кетеді. Мұнда талай оқыс оқиға да орын алыпты. 

Динара Өтешова, апатты үйдің  тұрғыны:

- Үйімізде отыруға қорқамыз. Алдында екінші қабаттағы көршімнің едені менің жуынатын бөлемеме опырылып құлады. 

Гүлайым Сұлтанова, апатты үй тұрғыны:

 - Бұл үй құлайын деп тұрған үй.  Мына ағаштардан жел соққанда қатты қорқамын, ана  жерде кабель бар. Құдай сақтасын...

Осы үш ағаш үй жоспар бойынша 40 жыл бұрын сүріліп, тұрғындары тәуірлеу үйге көшірулері тиіс болатын. Бірақ әлі күнге қала басшылығынан қайыр болмай тұр. Тек әкім бір рет келіп, мұндағы жұрттың амандығына көз жеткізіп кетіпті. 

Жұлдызбек Бисенбин, Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі:

- Қазірбізде жаңа мөлтек ауданында,Батыс-2 де, жалға берілетін  үй салынып жатыр.  2012 жылы сол  үйден осы үш үйдің тұрғындарына үй беріледі.

Жұрт қырық жылдан бері осындай уәденің талайын естігендерін айтады. Сондықтан тозығы жеткен үйлерінің тілеуін тілеп, жандарын шүберекке түйіп отырудан басқа амалдары жоқ.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде