{metadescription}
0:000:00
Ақтауда жедел жәрдем қызметі далада қалды

Ақтауда жедел жәрдем қызметі далада қалды

Ақтаудың медициналық жедел жәрдем қызметінің өзі көмекке зәру. Дәрігерлер 15 жылдан бері жалдап отырған жерінен қуылып жатыр. Ғимарат күрделі жөндеуге жабылған көрінеді. Ал орнына жөні түзу ғимарат берілмеген. Қазір ақ халатты мамандар көлікте түнеп, хабарламаны ұялы телефонмен алады.

Ақтаулық дәрігерлердің дегбірін қашырған мәселе өзгелерден өзгерек, жедел жәрдем қызметі далада қалды. Соңғы 15 жылда жалға алып,  қызмет қылған ғимарат аяқ асты апыл-ғұпыл жөндеуге жабылған. Енді барар жер,  басар таулары  қалмай,  қолдарындағыны қолтықтап,  табалдырықтан әрі аластатылған дәрігерлердің қызметі расында қиындады. Терезе алдында қағаз толтырып, көлікте киініп, ұялы телефон арқылы пәрмен беріледі.

Нұргүл Мұтайбаева, жедел жәрдем қызметінің фельдшері:

- Таңертең   ауысымға келеміз. Әр жерге барып киініп аламыз, сосын  көлікте  жүреміз, түндедеболдық, рацияда отырамыз. Карта жазатын жер жоқ.

Жедел жәрдем қызметін құтты орнынан қуған - құрылысшылар. Олар ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуде. Расында, бұл басы бүтін қалалық СПИД орталығының ғимараты. «Әрін кіргіземіз»деп әлек болғанда, көрші қонған әріптестерінің жағдайын естен шығарып алған. Тек үш тәулік бұрын жедел жәрдем басқа жаққа көшсін деп бұйырылыпты. Бірақ қақ жарылған ұжымның дәл қазір бас сұғар қуықтай бөлмесі жоқ.

Ғалия Өтешова, жедел жәрдем қызметінің диспетчері:

- Жұмысымызды  істеп жатырмыз. Бірақ қиын болды. Бригада ана жақта, диспетчерлер мында,бұл жұмыс емес.   Өзіміздің ғимаратымыз жоқ.  Бұл жерден жалға алдық, енді бірінші ықшамауданнан  жалға алып жатыр, ол жерден де қуып жатыр. Түсініксіз...

Қуылып-қуылып,қазір қызметін түсінбейтін күйге түскен мамандар сең соққандай сенделіп жүр. Дегенмен басшылық: «Көші-қонды бастадық, бір жетіде бәрін қалыпқа келтіреміз» -деп сендірді.

Мақсұт Сарқұлов, Ақтау қаласы жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері:

- Бірінші ықшамауданға көштік. Өйткені  бүкіл жүйе – навигация, рация бар,  бәрінде сол жерге қоямыз. Екі рет еңбектенбес үшін.

Бір қызығы, далада түнеген мамандардың жаңа қызмет орны да оңып тұрған жоқ. Ол жақта да жөндеу жұмыстары қызу жүруде. Құрылғалы өз бастарына ғимарат бұйырмаған ақтаулық жедел жәрдем қызметіне соңғы кезде қадау-қадау сын айтылған, ендігі қызметі қалай болары беймәлім. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде