Алматы облысы: Сүйінші батыр ауылының мектебінде жұқпалы ауру ауру жаппай тараған
Автор: Құралай Пионер
26.10.2011
Білім ордасы карантинге жабылды. Алматы облысына қарасты Сүйінші батыр ауылының мектебінде сабақ осымен бір айдың ішінде екі мәрте үзіліп отыр. Оған ауыл балалары ішінде жаппай тарап жатқан жұқпалы ауру себеп. Қазір ауылда ұзын саны 20 бала сары аурудан ем алып, тағы төртеуіауруханада жатыр. Бірақ мектеп басшылығы вирустың тарауына ата-аналардың «үй тазалығын сақтамауы себеп» десе, ата-аналар үй емес, ішер судың ластығын алға тартады.
Бұл мектептің шәкірттері үшін жаңа тоқсан алдағы айдың 5-і күні басталады. Дәл осы уақытта республикамыздың өзге өңірлеріндегі оқушылар кезекті демалыстарына шықпақ.
Өйткені Амангелді батырдың атымен аталатын мектепте оқу жылы басталғалы осымен екінші рет карантин жарияланып, сабақ үзіліп отыр. Оған оқушылар арасында жаппай тарап жатқан жұқпалы ауру себеп болған. Мектеп санитарының сөзіне сенсек, ауруға 10-нан астам бала шалдыққан.
Мөлдір Үсенжанова, мектеп санитары:
- Вирустың қайдан шығып жатқаннын білмейміз ғой. Бірақ мектебімізден шығу мүмкін емес. 12 бала болады. Емделіп шықты, бес-бес күннен емделді.
Ал білім ордасының басшысы аурудың «мектептен тарауы мүлдем мүмкін емес» деген пікірде. Тазалықты сақтаубұл ортаның ең басты талаптарының бірі. Бір сөзбен айтқанда вирусқа жол жоқ. «Гәп болса, сол ауруға шалдығып жатқан балалардың үйінінен болар» -дейді директор.
Гүлжан Талдыбаева, мектеп директоры:
- Мектептің тазалығын өздеріңіз көріп тұрсыздар, күнделікті хлормен тазартып отырамыз. Бірақ енді лас болып, қолдарын жумай жүреді дегендей. Және сол оқу жылының алдында болды. Сол кезде ауырып келген шығар.
Бірақ “сары ауру” деген қауіппен балалары ауруханаға түскен тұрғындар мектеп басшылығының бұл сөзін жала жабумен тең көрді. Ешкім өз баласын қасақана ауыртпайды. Бүтін ауыл балалары түгел дерлік ауырып жатса, демек «бар пәле ауыз суда деген сөз» дейді.
Тұрымхан Жаңбырбаева, Сұраншы батыр ауылының тұрғыны:
- Мен өзім судан тарады деп ойлаймын. Жоғар жақтың барлығы лас болатын. Содан өткенде тазалады деді. Бірақ тазалаған, тазаламағанын білмеймін. Жаздай лас жатты, ішінде қоқыстар болды.
Бірақ ауыл әкімі мүлдем басқа пікірде. Және қауіпті кеселдің қайдан келгенін «білемін»деп отыр.
Түйметай Өзенбаева, Талап селолық округінің әкімі:
- Судан емес. Егер судан болатын болса,ол барлық ауылға тарап кетер еді. 4Оның шығуы,мысалы, ауылға сырттан адамдар асқа келген. Ауру адамдар. Содан бір-біріне тарады.
Соңғы жарияланған мектеп карантинінен кейін ауруханаға көмек сұрай ұзын-саны 20 бала барыпты. Жағдайы жақсарған біразы үйлеріне қайтарылған. Бірақ төртеуі әлі де ақ халаттылардың бақылауында. Қазір аудан орталығынан арнайы санитар мамандар келіп, тексеру жүргізуде. Балалардың шалдыққаны сары ауру ма, әлде басқасы ма, ол келесі аптада белгілі болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!