{metadescription}
0:000:00
Азия чемпиондар лигасының финалында өнер көрсететін командалар  белгілі болды

Азия чемпиондар лигасының финалында өнер көрсететін командалар белгілі болды

Ағылшын премьер-лигасында көш бастап тұрған “Манчестер Сити” Англия Лига кубогы жолында “Вулверхэмптонды” сырт алаңда 5:2 есебімен ойсырата жеңді.

Кездесудің 18-минутында қорғаушылардың арасынан саңлау тапқан “Вулверхэмтон” шабуылшысы Ненад Милияш есеп ашты. “Манчестер Сити” ойыншылары жауапты ұзақ күттірген жоқ.  Небәрі үш минуттың ішінде үш гол соққан Манчини шәкірттері үзіліске дейін ойынның тағдырын шешіп тастады. 37-минутта Майкл Джонсон таразы басын теңестірсе, Самир Насри мен Эдин Джеко тиісінше бір-бір доптан тоғытты. Ал екінші таймда шабуылдауын үдете түскен манчестерліктер есеп айырмасын одан әрі өсіре түсті. “Вулверхэмтон” қақпашысы Де Врис өз қақпасына автогол соғып алса, бұл кездесудің үздік ойыншысы Эдин Джеко 64-минутта есепті 5:1 ге жеткізді. Алайда намысқа тырысқан алаң иелері матч соңына дейін Охараның көмегімен есеп айырмасын қысқартты.

Азия чемпиондар лигасының финалында өнер көрсететін командалардың есімі белгілі болды. Жартылай финалдың бірінде катарлық клуб “Аль-Саад” Оңтүстік Кореяның “Сувон” клубын қабылдаған болатын.

Шешуші ойынға тастүйін дайындықпен келген қонақтар небәрі 7-минутта есеп ашты. Бұрыштан көтерілген допты асқан шеберлікпен тоқтата білген Чан-ын О қақпашыны қапыда қалдырды. Қалған уақытта алаң иелері есепті теңестіруге барын салғанымен,  еш нәтиже шықпады. Қортынды есеп - 0:1,кореялықтардың пайдасында. Алайда қос ойынның нәтижесі бойынша катарлық клуб ақтық бәсекеде ойнау құқына ие болды. Ал екініші жартылай финалда Кореяның тағы бір клубы “Чонбук” өз алаңында “Аль-Иттихадты” 2:1 есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Бұл матчта Бразилиялық легионер Энинью екі мәрте қарсыласының  қақпасын дәл көздеді. Енді ақтық бәсекеде катарлық “Аль-Саад” пен оңтүстіккореялық “Чонбук” өзара кубокты сарапқа салатын болады.

Футболдан Аргентина біріншілігінің 12-туры турнир кестесіне айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Турнир кестесінің басына мықтап жайғасқан “Бока Хуниорс” сырт алаңда “Колон” клубымен кездесіп 0:2 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы минуттан алаң иелерін қыспаққа ала бастаған “Бока Хуниорс” футболшылары 15-минутта өз дегендеріне жетті. Әдемі комбинацияны голға ұластырған Бланди кездесудің есебін ашты. Алаң иелері үзіліске дейін таразы басын теңестіретін бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады. Ал үзілістен кейін “Колон” қорғанысы тағы бір мәрте сыр берді. Әуелеп жеткен допты қақпаға дәл бағыттаған Бланди “Бокаға” үш ұпай сыйлады.  Біріншілікте “Бока Хуниорс” бірінші тұрса, “Расинг” екінші,  ал “Атлетико Рафаэла” үштікті түйіндеп тұр.

Мұхиттың арғы жағында хоккейден ұлттық лиганың кезекті тур ойындары өтті. Соңғы 6 кездесуде жеңілістен көз ашпаған Канаданың “Монреалы” бұл жолы “Филадельфияны” 5:1 есебімен ұтты.

Бәсекені сәтті бастаған қонақтар есепті бірінші болып ашты. Биылғы маусымға бабында келген әйгілі чех Яромир Ягр “Монреаль” қақпасын дәл көздеді. Алайда қалған уақытта канадалық клубтың сапынан Макс Пасиоретти екі мәрте көзге түсті. Ал кездесудесудің соңына қарай Каммарелли, Вебер және Андрей Костицын соққан шайбалар алаң иелеріне ірі жеңіс сыйлады. Өзге кездесулерде “Калгари” “Калорадоны” 4:2 есебімен ұтса, “Ванкувер” өз алаңында “Сент-Луиске” 0:3 есебімен жол берді.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде