{metadescription}
0:000:00
3Д форматындағы би өнерін көрсететін жаңа экран!

3Д форматындағы би өнерін көрсететін жаңа экран!

Би билеу де енді компьютердің “міндеті”. Жаңа технология құрастырудан алдына жан салмайтын Жапония 3Д форматында би өнерін көрсететін жаңа экран құрастырып, жұрт назарына ұсынды.

Экран алдында тек бір адам билесе болғаны. Оның барлық әрекеті компьютердегі арнайы көшірме арқылы сахнада  ілезде қайталанып отырады. Жапон ғалымдары бұл технология арқылы бір адамның биін 300 орындаушыға дейін көбейтеді деп отыр. Сондай-ақ, кезкелген бидің қимылын компьютерге енгізіп, ешқандай адамның көмегінсіз де, яғни “электронды орындаушының” өнерін де көруге мүмкіндік жасалған. Тағы бір ерекшелігі,3Д форматы болғанмен,  оны арнайы көзілдіріксіз еркін көруге болады. Енді ғалымдар бұл жаңалықты театр мен ірі концерттерге сынақтан өткізуге бел буған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.