{metadescription}
0:000:00
Браконьерлер халқымыз киелі санайтын аққу мен қасқалдақты баудай қырған

Браконьерлер халқымыз киелі санайтын аққу мен қасқалдақты баудай қырған

Қызылорда облысында заңсыз саятшылық құрып, Қызыл кітапқа енген құстарды атқан қаскөйлер құрықталды. Браконьерлер халқымыз киелі санайтын аққу мен қасқалдақты баудай қырған.

Тексеру кезінде табиғат қорғау полициясы олардың көліктерінен атылған 31 құсты тапты. Жол талғамайтын джип мінген қаскөйлерден бірнеше дана аңшы мылтығы да тәркіленді. Саятшылық жасауға әбден дайындалып келгені көрініп тұр. Қолға түскен екеу Байқоңыр қаласының тұрғындары екен. Ал құстарды Кіші Арал теңізінің жағасында атып алғандарын айтып отыр.

Ержан Зікіров, Қызылорда облыстық ІІД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы:

 - Аң аулауға толығымен тыйым салынған жерден Байқоңыр қаласының екі азаматы заңсыз аңшылық жасап жүрген жерлерінен анықталды. Оларды тексеру барысында екі тегіс ұнғылы қару, атуға жарамды оқ-дәрілермен қоса құрып кету қаупі төнген аққу құсы анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.