{metadescription}
0:000:00
Түрме бастығының өзі темір торға тоғытылды

Түрме бастығының өзі темір торға тоғытылды

Петропавлда түрме бастығының өзі темір торға тоғытылды. Ол өзі басқаратын 164/9 колониясындағы сотталушының қалған мерзімін шартты түрде өтеуге қолғабыс жасау үшін пара талап еткен. 

Александр Демьяненко жүргізушісіне 8 мың долларды шұлығына тығып, үйіне әкеліп беруін сұраған. Колония бастығы сол шұлықтан шыққан ақшаны ала берген бойда құрықталды. Қаржы полициясына колония бастығының заңға қайшы әрекеті жайында ақпаратты жүргізуші мен бостандыққа шыққысы келген сотталушының өзі жеткізіпті. Александр Демьяненко  аталмыш түзету мекемесін бес жыл басқарып келген. Алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға сотталған қаладағы бір мейрамхана иесінің ұлы Александр Никитиннің жазасын жеңілдетуге түрме бастығының өзі ұсыныс жасапты. Енді құлқыны кең бастық 12 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.   

Айдос Жетпісбаев, СҚО ЭҚСЖҚК департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары:        

- Никитиннің жеке меншігінде бар болған автокөлікті Демьяненко сатсын деп нұсқау беріп, сатылған заттың ақшасын алып келу бойынша бұйрық беріп,  ақшасын пара ретінде алған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.