{metadescription}
0:000:00
Мектеп  жертөлесінде  қаза болған оқушының сараптама нәтижелері шықты

Мектеп жертөлесінде қаза болған оқушының сараптама нәтижелері шықты

Павлодарда мектеп жертөлесінде жұмбақ жағдайда қаза болған оқушы өліміне қатысты сараптама нәтижелері шықты. Оған сәйкес,  бозбаланың бауыры езіліп, оның салдарынан бала анафилактикалық шоктан бақилық болған екен. Алайда жасөспірімнің бауыры ұстазының соққысынан езілді ме, ол жағы әлі белгісіз. Бұл жайында құзырлы орындар ақпарат бермей отыр. Бір  апта бұрын қайтыс болған 16 жасар жеткіншек бүгін қара жер қойнына тапсырылды.

Жалғыз ұлынан айрылған ана ботадай боздап, көпке дейін сабасына түсе алмады. Мектеп бітірген соң ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткісі келген Александр Дивиннің арманы келмеске кетті.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптаның соңында 11-сынып оқушысын сынып жетекшісі мектеп жертөлесіне жетектеп, сол жерде жеке сөйлескенін айтқанбыз. Осыдан кейін бозбаланы тірі көрген жан жоқ. Ауылды ұлардай шулатқан   қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер де шығып жатыр. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әлеш Жүнісов Сашадан басқа оқушыларды да тәртіпке салмақ  болып,  сол жертөлеге апарып, қол жұмсаған екен. Бұны тергеу кезінде оқушылар жайып салған. Әзірге мұғалім ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйінде жүр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде