{metadescription}
ОҚО: бір отбасында үш адам қаза тапты!
Оңтүстік Қазақстан облысында бір отбасының үш адамы иіс тиіп қайтыс болды. Қайғылы оқиға кеше түнде Сарыағаш ауданының Абай ауылында орын алған. Көршілерінің күндіз сыртқа шықпағанын байқаған тұрғындар үйді өздері ашып кіріпті. Олар жерде сұлап жатқан 50 жастағы азамат пен 16 жасар жасөспірімді тапқан. Қасында 8 жасар бала да болған. Үш адамның өліміне үйдегі пештің ақауы себеп болуы ықтимал. Анығы арнайы тексеруден соң белгілі болады. Күнгейде күн суытқалы иіс тиюден осымен 7 адам қаза тапқан.
Автор: Бекжігіт Мәуленов
27.10.2011
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!