{metadescription}
0:000:00
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатының себепкері кінәсін толық мойындады

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатының себепкері кінәсін толық мойындады

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып, екіге бөлінген денесін арыққа лақтырып кеткен «Мерседес» жүргізушісі қолға түсті. 23 жастағы жігіт Сарқант ауданының тұрғыны. Қалаға жолаушы тасып, ақша табу мақсатында келген екен. Айтуынша, сол түні де осы кәсібімен айналысып жүріпті. Бірақ бағдаршамның сары түсіне үлгерем деп, 45 жастағы келіншекті опат қылды.   

Тура бір апта бұрын Гагарин мен Мыңбаев көшелерінің қиылысында қатты жылдамдықпен жүйткіген көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Қатты соққыдан келіншектің денесі екі бөлініп, аяқ жағы арыққа, бас жағы көлік ішінде қалып қойған. Күдіктінің айтуынша, кейін оны да жолға лақтырып кете барыпты. Ал темір тұлпарды жақын туысына тиесілі гаражға жасырған. Айғақтардан құтылу үшін қанды жуып, көлік капотын қоқысқа лақтырып та үлгеріпті. Айта кетсек, қылмыстың ашылуына оқиға орнында қалған көлік қалдықтары себеп болған-ды. Сол арқылы күдіктінің қара түсті «Мерседес» иесі екені анықталып, осындай 2 мыңнан астам көлік тексерілді. Бірақ ол қаладағы жеке тұрақтарды тінту барысында табылды. Қазір күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр.

Күдікті:

- Гагарин көшесінен  төмен түсіп келе жаттым. Бірақ Сәтпаевкөшесінен  өткенде бағдаршамның ескертуі жанып кетіп, одан үлгермекке жылдамдықты арттырдым. Сол сәтте қатты соққы болғанын сездім. Біраз көше жүріп барып, есімді жидым. Алғашында әлдебіреудің күртешесін іліп кеткен екенмін деп ойладым. Тартып қалсам, әйел адамның шашы мен жарты денесі екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде