{metadescription}
0:000:00
Алматыдағы “Тау самалы” тұрғындары  не жылуға, не суға жарымай отыр

Алматыдағы “Тау самалы” тұрғындары не жылуға, не суға жарымай отыр

Алматының жоғары аудандарында бой көтерген “Тау самалы” тұрғын үй кешеніне қатысты шу басылмай -ақ қойды. Бұрын құрылыс компаниясы үлескерлерден ақшасын сыпырып алып, жұмысын аяқтамай,  ізім-ғайым кеткен. Үкімет араласып, әрең дегенде баспаналы болған жандар, енді жылуға, не суға жарымай отыр. Оны былай қойғанда, көпшілігі пәтерінің құжаттарын әлі ала алмай келеді.

Сыртынан қарасаң тәуір-ақ. Көпқабатты  әдемі 6 үй  көздің жауын алады. Алайда сырты бүтін, іші түтін боп шықты. Қолдарындағы бар қаржыны қиып берген жұрт баспанаға 2007 жылы кіру керек болатын. Бірақ “Қуат” компаниясы құрылысты аяқтамай, орта жолдан қалдырды. Кейін мемлекет Стрессті активтер қоры арқылы 10 млрд теңге бөлген. Енді нәтижесі мынау:

Елеке Әбубәкіров, үй тұрғыны:

- 31 желтоқсан күні 2010 жылы осы үйлердің бәрі «салынды, аяқтадық»деп Үкімкетке қағазын берді. Бірақ,міне,содан бері 9 ай өтті. Құбыр салынбаған, жылу жүргізілмеген, ыстық су тартылмаған, суық су да жоқ.

Өтегеновтер отбасында шиеттей бірнеше бала бар. Қазір тоқ пеш арқылы жан сақтап отыр. «Ертең күн суытып, қар түскен кезде қайтерімізді белмейміз» - дейді үй иесі. Ыстық су атымен жоқ. Суық судың өзін үзіп-үзіп беретін көрінеді.

Жақсыгүл Өтегенова, үй тұрғыны:

- Бізде қазір жылу түгілі,суық су да  ара-тұра беріледі. Ыстық су атымен жоқ. Үй суық, тоқ пешпен жылытамыз. Балаларымыз ауырып жатыр.

 “Тау Самалы” тұрғын үй кешенінде барлығы 466 пәтер бар. Қазір жартысына жуығына жұрт қоныстанған. “Иесі” деген аты болмаса,  құжат жүзінде әлі иемдене алмай отыр. Себебі:  стрессті активтер қоры құрылысты жалғастырған кезде  жобада көрсетілген жүйеден ауытқып кеткен. Енді баспананың артық шаршы метріне ақша талап етіп отыр.

Елеке Әбубәкіров, үй тұрғыны:

- Сұмдығы сол, қазір  тұрғылықты тіркеле алмай жүрміз. Үйдің ордерін бермеген соң,  не баламызды балабақшаға, мектепке, емханаға апара алмаймыз, ол үшін тіркелу керек.

«Үйді 100 пайызға аяқтадық» деп Үкіметке есеп берген басшылық бізбен жүздесуге қаймықты ма, әлде құлықсыздық танытты ма, әйтеуір кеңсесіне жолатпады.

Бірақ қабағы қатулы тұрғындарды күзетшілер тоқтата алмады. Ақыры жауаптымен жүздестік. Ол «жайбарақат жүрсіңдер»деп, бар кінәні жұрттың өзіне тақты.

Сергей Иляхин, Стрессті активтер қорының бөлім бастығы:

- Міне,сіздерге хаттама. Ынталы топ құрып, неғұрлым көп үлескер қол қою керек. Сонда ғана жылу тартатын мекеме жұмысын бастайды. Бұл асып кетсе,  бір жұмада бітеді. Біз өзімізге қатысты жұмысты аяқтадық, бірақ сіздер жан-жаққа тартып, бірікпей жүрсіңдер.

Ал судың жәйін сотпен енді шешкендерін жеткізді. Сөйтсе,құбыр жүргізуге осы маңдағы жер үйдің тұрғыны күні бүгінге дейін кедергі келтіріп келген. Өз үйі аумағынан су желісін өткізуге қарсылық білдіріпті. Енді көп ұзамай «бұл шаруа да  аяқталады»деп ағынан жарылды.

 

 

3

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.