20 жыл күткен жеңіс!
Автор: Төлеген Жұмабек, Елдос Қамбалиев
31.10.2011
20 жыл күткен жеңіс! Қарағандының «Шахтері» өз тарихында тұңғыш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Маусымның соңғы шешушіматчындақарағандылықтар өз алаңында «Астана» командасын 2-0 есебімен тізе бүктірді. Күміс медаль Талдықорғанның Жетісуына бұйырса, былтырғы чемпион Ақтөбе қоланы місе тұтты.
Төреші ысқырығық шалған тұстан тайлы –таяғымен алға ұмтылған алаң иелері реті келсеертерек есеп ашуға тырысып бақты. Сол бойы ойын тізгінін мықтап қолға алған кеншілер үзіліске дейін қонақтардың қақпасын жиі-жиі нысанаға алумен болды. Сондай шабуылдардың бірінде Андрей Финонченконың тепкен добықақпаның маңдайшасынан кері қайтты. Ауарайының қолайсыздығына қарамастан шабуылды үдете түскен «Шахтер» ақыры дегеніне жетті. Ойынның 19 минутында Сергей Хижниченконың шірене тепкен добы «Астана» қақпашысын қапыда қалдырды. Қонақтар да жеңісті қолдан бергісі келмей ауық-ауық кеншілер командасына шабуыл ұйымдастырып тұрды. Сондай шабуылдың бірінде аладоп Шахтер қақпасынан табылды. Бірак төреші ойыннан тыс қалды деген желеумен голды есептемей тастады. Ойын аяқталуға 10 минут қалғанда тағы да сол Хижниченко “Астананың” қақпашысын қапы қалдырып кетті.
Серік Досманбетов, «Шахтер» клубының футболшысы:
- Ауа райы да бүгін онша болған жоқ. Соған қарамастан,біздің балалар өздерін 100 пайызға көрсетті деп ойлаймын. Тарихта қалды. «Шахтер» - чемпион!
Жәнібек Кенжебаев, «Шахтер» командасының жанкүйері:
- Қуанышымыз сыймай тұр, жүрекке.Үш рет қола медаль алғаннан кейін мына алтынымыз, медальмыз бар ғой, бізге өте ыстық болып тұрғаны. Рахмет, біздің жігіттерге!
Ел чемпиондығына бірден бір үміткер болған талдықорғандық “Жетісу” сырт алаңда “Ертіске” есе жіберді. «Үмітсіз шайтан» деп, ақтық бәсекеге белді бекем буып шыққан талдықорғандықтар есепті бірінші болып ашты. 21-минутта қақпа маңындағы қарбаласты ұтымды пайдаланған Сергей Остапенко әупірімдеп жүріп допты қақпа торына енгізді. Үзілістен кейін есін жиған алаң иелері екі минут ішінде қос доп соғып “Жетісудың” чемпиондыққа деген үмітін күлге айналдырды. 77-минутта Кулибали таразы басын теңестірсе, араға бір минут салып Глеб Мальцев алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Сонымен “Шахтер” чемпион. Биылғы маусымда ерекше табысқа жеткен “Жетісу” күміспен күптелді. Ал сырт алаңда “Ордабасыдан” айласын асырған “Ақтөбе” қола жүлдегер атанды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!