{metadescription}
0:000:00
Елдегі  БАҚ туралы заң  жөнді  жұмыс істемейді

Елдегі БАҚ туралы заң жөнді жұмыс істемейді

Елдегі бұқаралық ақпарат құралдарына арналған заң жөнді  жұмыс істемейді. Жетпес тұстары тағы бар. Алматыда өткен төртінші Медиа құрылтайда кезекті рет осындай пікір айтылды. Бұл жиынға республиканың түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам әріптестеріміз қатысты. Араларында тек тілші қауымы емес, жарнама агенттіктерінің, мемлекеттік немесе тәуелсіз ұйымдардың өкілдері де бар.

Құрылтайға қатысқан журналистика саласының саңлақтары біраз мәселені сөз етті. Тәуелсіз 20 жылда ақпарат нарығында атқарылған істерді елеп-екшеп, бүгінгі ахуалды әңгімелеп, келешекке де көз тастады. Әсіресе қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның шикілігі мен міндетінің дұрыс атқарылмай отырғандығы сынға алынды. Мәселен, “ар ожданыма тиді” деп журналистен миллиондаған қаржы талап ету фактілері жиіліп кеткен. Сондай-ақ статистикалық мәліметтерге қарағанда қазір теледидарды жата жастана қарайтын негізінен ауыл тұрғындары екен. Ал қалалықтар болса, көз талдырып,көгілдір экранның алдында отырғанша, керегін ғаламтордан іздегенді жөн көреді. Алайда қазір “рейтинг” деген дүние ірі қалалардағы көрермендердің көзқарасымен жасалып жүр. Сонда «қаймағы бұзылмаған ауыл халқының пікірі қайда?»деген  заңды сауал туындайды. Жиынға қатысқандар да осы тәсілдің күмәнді екенін алға тартты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.