Кемтар жандардың ақысын жегендер сотталды
Автор: Айжан Әлібек
31.10.2011
Кемтар жандардың ақысын жеген Павлодардағы «Казпошта» бөлімшесінің екі қызметкері 6 жарым жылға сотталды. Олардың мүгедектерге тиесілі 31 млн теңгені жымқырғандықтары дәлелденді.
“Казпоштаның”23-24 жастағы екі қызметкері бірнеше жыл қатарынан жүйке ауруына шалдыққандардың зейнетақысы мен жәрдемақысына қол сұғып келген. Данора Сейсембаева мен Анар Асқарова ұзақ уақыт бойы жалған құжаттар арқылы ақыл-есі кем 600 адамның есебінен өз шоттарына ірі көлемде ақша аударыпты. Қылмыс кезекті қаржылық тексеру кезінде әшкере болған. Енді екі әйел де 6 жарым жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Ал келтірілген 31 млн теңге шығынды «Казпошта» өтейтін болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!