{metadescription}
0:000:00
Ақтауда  жүздеген қоғамдық көлік тұрып қалды

Ақтауда жүздеген қоғамдық көлік тұрып қалды

Ақтауда сұйытылған газ тапшы. Соның салдарынан өңірде жүздеген қоғамдық көлік тұрып қалды. Автобустың жоқтығынан жергілікті жұрт діттеген жеріне жаяу баруға мәжбүр болды. Алайда туындаған мәселеге қатысты жергілікті билік пен газ мамандары әзірге  ләм дер емес.   

Сұйытылған газ тапшы. Демек бүтін бір Маңғыстау облысында осы отын түрімен жүретін бірде-бір көлік қатынасы жоқ деген сөз. Болса да, барлығы күнұзаққа жанармай бекеттерін торуылдап әлек.       

Нәбидолла Айғарақов, автобус жүргізушісі:

- Осымен бітті. Ертең жұмысқа шықсақ - шықтық, шықпасақ - қалдық. Қалалық әкімшілікті кеше ауызша ескерттік. «Жазбаша» деді, оны жібердік. Бүгін таңертен де хабарластық. Бірақ тұтқаны алмай жатыр. Түс қайта барамыз, айтты ғой,«шешеміз» деп.

Не себепті екені белгісіз,  екі-үш күннен бері облыста кенет газ тапшылығы туындап, сұйытылған көгілдір отын бағасы біршама шарықтап кеткен. Ал қоғамдық көлік жүргізішілері жергілікті басшылық тығырыққа тірелген жағдайға қарамастан, жол ақысын көтеруге  «рұқсат бермей отыр»деп ренжулі. 

Руслан Ахметнәбиев, автобус жүргізушісі:

- Тұрмыз. Газ жоқ. Газдың литрін мына жеке бекеттер 85 теңгеге дейін жіберді. Бүкіл қаладағы бекеттен біреуі ғана істеп тұр. Онда да тек «талонмен» деп,  кеше жауып тастады. Ақшамызға бермейді. Алайық десек, бір түн ұйықтамауымыз керек.

Тек бір бекетте ғана бағасы баяғынша газ сатылып келген-ді. Бірақ онда багі босап, жолы ұзаққа созылмайтын көліктерден ұзын-сонар кезек түзілген.  Қала тұрғындары қиналды, олар таңертеңнен бері діттеген жеріне жете алмай дал. 

Ал ертеңнен бастап жалпы саны 5 мыңға жуық оқушы мектептеріне жете алмай қалуы мүмкін. Өйткені сұйытылған газ тапшылығы осылай жалғаса берсе, қоғамдық көлік мүлдем тоқтап қалайын деп тұр. Бірақ бұл мәселенің шешімін табуға міндетті әкімдік пен газ мамандары әзірге қандай да бір ресми мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде