{metadescription}
0:000:00
Жұмбақ жағдайда көз жұмған сәби өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жұмбақ жағдайда көз жұмған сәби өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда туберкулезден емдейтін балалар шипажайында жұмбақ жағдайда көз жұмған сәби өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алғашқы сараптаманың қорытындысына сәйкес, адам қазасына дәрігерлердің дұрыс әрекет етпеуі себеп болған.

Бибол Жұманов, Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

- Сот медициналық сараптама қорытындысы бойынша,  жүрек жетіспеушілігінен және де медициналық қызметкерлермен тазарту клизмасын істеуіне байланысты.

Осыдан екі апта бұрын 4 жасар Марк Фролов туберкулезге қарсы шипажайда бақилық болған. Дәрігерлер бала іш ауруынан көз жұмды деген еді. Осы оқиғадан кейін сауықтыру мекемесін Денсаулық сақтау министрлігінен жіберілген арнайы комиссия тексерген. Нәтижесінде ондағы мейірбикелер дәрігерлердің нұсқауынсыз балаларға дәрі беретіндері және олардың түнгі ауысымда жұмысқа шықпайтындары анықталып отыр. Әзірге шипажай қызметкерлерінің кәсіби міндетін тиісті деңгейде орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде