{metadescription}
0:000:00
Астанадағы балабақшада оқыс оқиға орын алды

Астанадағы балабақшада оқыс оқиға орын алды

Астанадағы балабақшада оқыс оқиға орын алды. Мұнда тәрбиеленушілердің бірі мойын омыртқасын шығарып алған.

Ауыр жарақатты ол аулада ойнап жүріп алған көрінеді. Алайда мекеме ұжымы баланың зардап шеккенін байқамай қалыпты. Осының салдарынан жедел медициналық жәрдем дер кезінде көрсетілген жоқ. Дәрігерлерді кешке балаларын алып кетуге келген ата-ана шақырған. Бүлдіршін шұғыл түрде емханаға, нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Бір айтары, Астанадағы №14 балабақшада осыған ұқсас жағдай қыркүйек айында да тіркелген. Бұл жолы ақпарат қала басшылығына дейін жетіп, жауаптылар жазаға тартылды. Мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі демалыста болғандықтан, оған қатысты ешқандай шара қолданылмады. Ал оның міндетін атқарушы қатаң сөгіс алса, тәрбиеші бірден жұмыстан шығарылған.

Әсия Қоржықова, Астана қаласының білім беру басқармасы бастығының орынбасары:

- Ол кісі: «Бала жүгіріп жүріп құлады, бірақ, «мына жерім ауырады» деп айтқан жоқ»-дейді. Көңіл бөлсін, мұқият қарасын деген мақсатпен осындай шара қолданылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.