Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімшесінде қатардағы жауынгер асылып қалды
Автор: Жаңалық Ахаш
31.10.2011
Тағы бір сарбаз қазасы! Бұл жолы Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімшесінде қатардағы жауынгер өз-өзіне қол салды. Олжас Байтасов қару -жарақ сақтайтын қоймада қайыс белбеуіне асылып өлген.
Өзіне қол салар алдында жігіт ақырғы хатын да жазып кетіпті. Онда туыстары мен достарынан кешірім сұраған. Сарбаз әскер қатарына Тараз қаласынан аттанып, содан Астанадағы Қорғаныс департаментіне жіберілген. Жуырда ғана елордадан Ақтөбеге ауыстырылыпты. Олжастың үйіне қайтуына бір-ақ ай қалғанда өз-өзін өлімге қиюына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Қанат Беляков, Батыс аймақтық ішкі әскер командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
- Сарбаздың денесін сарапшылар қарап шықты. Оған Тараздан келген туысқандары да қатысты. Көрінетін дене жарақаттары анықталған жоқ. Олжаспен бірге болған қатарластары да қазір тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!