Қабырғаға қанмен жантүршігерлік сөздер жазған оқушы анықталды
Автор: Бекжігіт Мәуленов
31.10.2011
Оңтүстік Қазақстан облысында жан түршігерлік әңгімелер қайта өршуде. «Құрбан Айт мерекесіне балалар құрбандыққа шалынады» деген қауесетті таратушыларға тыйым болмай тұр. Бұл жолы осындай үрейлі жазуды өз мектебінің қабырғасына жазған оқушы табылды.
Түлкібас аудандындағы Макаренко орта мектебінің қабырғасында «Өлтіредi», «Әбіл-Һайіб», «Осы мектептен 7 пенде құрбан болады» деген жазу осыдан бірнеше күн бұрын пайда болған. Ол кәдімгі бояумен және қанмен жазылыпыты. Төбе шашыңды тік тұрғызатын жазуды көрген мектеп директоры бірден полицияға хабарлаған. Тексере келе, бұны аталмыш мектептің 9-сынып оқушысы жасағаны анықталды. Елден естігенін істеген 15 жасар жеткіншек қабырғадағы жазуға малдың қанын пайдаланғанын айтады.
Бақытжан Тұрдыбеков, ОҚО прокуратурасының басқарма бастығы:
- Көршіден бір мал сойылған, «содан алдым» дегендей, келтіріп жатыр, уәждерін. Оның бәрі қазір тексерілуде. Қара әріп бояумен жазылған. Бұзақылық ниетпен, айтады ғой «цепная реакция» деп, жаза салған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!