{metadescription}
0:000:00
Атырауда жанкешті азамат өз-өзін жарып жіберді!

Атырауда жанкешті азамат өз-өзін жарып жіберді!

Атырауда төтенше жағдай. “Сарыарқа” ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласында жанкешті азамат өз-өзін жарып жіберді. Оқиға таңертең сағат 10-дардың шамасында орын алған. Абырой болғанда бөгде адам жараланған жоқ. Алайда жарылыстың қатты болғаны соншалық, жақын маңдағы көпқабатты үйлердің терезелері сынған. Жантүршігерлік жайттан шамамен  бес минут бұрын облыстық әкімдік ғимаратының маңындағы қоқыс жәшіктерінің бірінде тағы бір жарылғыш заттың іске қосылғаны белгілі болды.

Батыста атыс, жарылыс. Қайсысын қарасаңыз да,  қоян жылы батысты бастырмалатып, қолға қару алғызып абдыратты. Ақтөбедегі атыстың артын ала енді Атырауда екі бірдей жарылыс. Таңғы  сағат 9.43-те болған бірінші жарылыста облыстық әкімдік жанындағы қоқыс жәшігінің күлі көкке ұшқан. Абырой болғанда   басы жарылып, көзі шыққан жан жоқ.

 Айша Тұралиева, куәгер:

- Сағат тоғыздан кеткен болуы керек,  қатты жарылыс болды. Жүгіріп барып,  сыртқы есікті ашып қарадық, жоқ, тыныш. Не болып жатыр, құрғырды машина соғысты ма екен деп,  екеуміз кері отырып қалдық, бала тыныш болғасын. 4-5 минуттан кейін қатты жарылыс болды,  сол мезгілде  бөлмедегі терезенің  әйнегі ішке түсіпті.

Сөздің жаны бар. Әкімдікті әурелей алмағандар қараша елдің құтын қашырмаққа бекінген. «Бел кеткенше беріспейміз»деді ме, “Сарыарқа” ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында жанкешті азамат өз-өзін жарып жіберді. Бірнеше метрге шашылып кеткен адам денесінің қалдықтары. Жағаңды ұстайсың, денең түршігеді. Соның  салдарынан айналадағы бірнеше үйдің терезелері талқан болған. 80 метр қашықтықтағы қаңылтыр қақпа да қаңбақтай ұшыпты. Елде өң мен түстің арасында абдырап жүр.

Куәгер:

- Ас үй жақтан жарылыс естілді, көк түтін, өз-өзімізге келгенде, киініп, далаға атып шықтық.

 Соңғы жарылыс облыстық прокуратура ғимаратынан 30-40 метр жерде болған. Қазір істің себеп-салдары тергелуде, құқық қорғау орындары да жарытып жақ ашпады.

Ғалымжан Құлманов, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы:

- Қос бірдей жарылыстың себебі қарастырылуда. Жапа шеккендер жоқ, тек жанкешті азамат оқиға орнында қаза болды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Екі жарылысты да  «лаңкестік әрекет»  деп атауға әлі ешкімнің батылы бармады. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жедел тобы құрылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.