Білім сапасы нашарлап, оқу ордаларында жемқорлық дендеп барады
Автор: Дастан Шымырбай
09.11.2011
Қазақстан студенттерінің тәуелсіз қозғалысы жүргізген әлеуметтік сауалнама қортындысы жарияланды. Оған сәйкес, бүгінде білім сапасы күрт нашарлап, оқу ордаларында жемқорлық дендеп кеткен.
Анар Әділдаева, Қазақстан студенттері тәуелсіз қозғалысының мүшесі:
- Сауалнамаға сәйкес, студенттердің 29,6 пайызы білім сапасы «жоғары»дейді. Ал 70,4 пайыз студенттердің бүгінгі білім сапасына көңілі толмайды.
Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында жемқорлық терең бой алғанға ұқсайды. Сауаламаға жауап бергендердің 84 пайызы бар мәселені «пара беріп шешеміз» деген. «Қалта қамын ойлау жағынан әсіресе Алматыдағы Асфендияров атындағы медициналық университеттің мұғалімдері алдына жан салмайды», -дейді сауалнама жасағандар. Себебі, ондағы студенттердің 96 пайызы университетті «жемқорлық жайлаған»дейді. Бірнеше аптаға созылған сауалнамаға жалпы саны 1100 студент қатысыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары