Тараздағы лаңкестік шабуылға қатысты Бас прокуратураның брифингі, Астана 12.11.2011 ж.
13.11.2011
Нұрмұханбет Исаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
12 қарашада 1977 жылы туған, джихаддизм жолын ұстаушы азамат Қариев Жамбыл облысының Тараз қаласында 7 адамның, оның ішінде құқық қорғау органдарының 5 қызметкерінің өліміне әкеп соққан бірқатар аса ауыр қылмыстар жасады. Сонымен қатар Ішкі істер органдарының 3 қызметкері жарақаттанды. Қариев қарулы шабуыл жасап, оның сыртынан бақылап отырған ҰҚК-нің Жамбыл облысы департаментінің бойынша 2 қызметкерін өлтіргені де анықталды. Таңғы сағат 11 шамасында ол «Мазда -626» атокөлігінің иесі Закировқа қарақшылық шабуыл жасап, «қару қолданамын» деп қорқытып, оны байлап, автокөлігін алып алған.
Сағат 11.35-те Қариев қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, оқ-дәрімен атылатын қарудан күзетші Федорченконы өлтіріп, кездейсоқ дүкенге келуші Оразбасов деген азаматты қатерлі жарақаттаған. Дүкенде қылмыскер екі жартылай автомат атқыштар қаруын - «Сайга» және «CZ» иемденіп, ВАЗ-21099» қармауға алған, оның ізіне түскен мамандандырылған күзет бөлімінің 2 қызметкері – полиция сержанты Аямқұлов пен Байсейітовті өлтіріп, олардың табельдік қаруларын – «Калашников» автоматы мен «Макаров» тапаншасын алған.
Сосын өзінің тұрғылықты жеріне барып, өзімен бірге «РПГ-26» гранатометін алып, ҰҚК-нің облыстық департаменті ғимаратының қабырғалары мен терезелеріне автоматпен бірнеше рет гранатометпен бір рет оқ атқан. Бұл жерде адамдар қаза болған жоқ, қиратулар орын алмаған. Қылмыс жасаған орнынан жасырынып, Қариев, 12 сағат 45 минутта атты полиция патрулінің 2 қызметкерін жарақаттаған. 13 сағат шамасында қылмыскер жарақат алып, жол полициясының дербес батальонының қызметкерлерімен ұсталған. Осы кезде Қариев өзін-өзі жарылысқа түсіріп, осының салдарынан оны ұстаған взвод командирі, полиция капитаны Байтасов сол жерде қаза болған. Ұстау барысында орын алған атыста полиция сержанты Алашов та қаза болған.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір ҚР Ішкі істер министрі бастаған арнайы ведомствоаралық тергеу жедел тобы Таразда толық жұмысқа кірісіп, тиісті шараларды қолдануда. Тергеу толық жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты айтайын дегенім: интернетте жүрген, ұяты жоқ деп айтуға болатын шығар, біреулер қаза тауып жатқанда, біреулер осы мәселені ойыншыққа айналдырып, не ұяты, не ары жоқ адамдарды «адам» деп айтуға қиын… «Астанада емес, Таразда екеніне өкінемін, «скукотища» деп жазған! Елімізде осындай жазбаларды интернетке жіберіп жатқан адамдарды «адам» деп айту қиын.
Тағы да қайталап айтамын, «Таразда 4 жарылыс болды, базарда 30-40 адам жарылды» деген - жалған ақпарат! Таразда бір-ақ жарылыс болды.
Кейбір адамдар ойлайды, оқиға болды, жарты сағаттан кейін полиция, прокурор трибунаға шығып, барлық жайды баяндап береді деп. Қалай өйтіп талап қоюға болатынын мен түсінбеймін. Олар трибунадан айтуға жұмыс істеп отырған жоқ! Оқиға болған жерде полиция, прокурор, ҰҚК қызметкерлері басқа біреулер қаза таппасын, оқиға қайталанбасын деп жұмыс істеп жатыр. Соны түсінулеріңізді сұраймын.
Қариевке қатысты мәлімет әзірге тек мынау ғана: ол 1977 жылы туған азамат, джихаддизмге қатысы бар.
Тиісті шаралар қолданылып жатыр, оның бәрін қазір мен сіздерге айта алмаймын. Айтатыным: халықтың арасында таратылып жатқан мәліметтер, жала жауып, жалған ақпарапат таратып жатқандарға сенудің еш қажеті жоқ. Бүкіл мәліметтердің бәрін біз сіздерге кейін міндетті түрде береміз. Оған ешқандай күмәндарыңыз болмасын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары