{metadescription}
0:000:00
Таразда – лаңкестік: 7 адам қаза тапты, 5-уі - құқық қорғау органының қызметкерлері

Таразда – лаңкестік: 7 адам қаза тапты, 5-уі - құқық қорғау органының қызметкерлері

Таразда лаңкестік әрекет орын алды! Соңғы мәліметтерге қарағанда, жарылыстардан және одан кейін атыс-шабыстан 7 адам қаза тапқан. Оның ішіндегі 5-уі -  құқық қорғау органы қызметкерлері. Тағы 3 адам ауыр жараланды. Бүгін күні бойы Жамбыл облысынан осы жағдайға қатысты бір-біріне қайшы ақпарат көп келді. Тек бірер сағат бұрын Астанада Бас прокуратура аталған жағдайға қатысты шұғыл брифинг өткізіп, мән-жайды түсіндірді. Қандықол қөылмыскердің де аты-жөні белгілі болған. Ол - 1977 жылы туған Қариев деген азамат. Бас прокуратура берген мәліметтерге қарағанда, қаскөй Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 қызметкері мен 3 полиция өкілін өлтірген. Қаза тапқандардың арасында кездейсоқ тұрғындар да бар. Лаңкес алдымен соңына түскен ҰҚК қызметкерлерін атып өлтіріп, бірден қару сататын дүкенге басып кірген. Сол жерде күзетшіні жер жастандырып, кездейсоқ бір клиентті ауыр жаралады. Бастан-аяқ қаруланған ол көшеде бір тұрғыннан көлікті тартып алып, ҰҚК-не барып, ғимаратты әскери ауыр техникаларға пайдаланатын гранатометпен атқылаған. Тәртіп сақшылары лаңкесті тек түске таяу құрықтады. Бірақ жанкешті сол сәтте өз-өзін жарып жіберіп, оны ұстап келе жатқан тәртіп сақшысы – полиция капитаны қаза тапты.

Таразда орын алған  жантүршігерлік қылмыстық іске қатысты  жаңа ғана  Бас прокуратура шұғыл басқосу өткізді. Қылмыскердің де аты-жөні анықталды. Ол -  34 жастағы  Мақсат Қариев деген  жергілікті тұрғын. Дәстүрлі емес, жиһадшылар   жолын   ұстанатыны да белгілі болды. Лаңкес алдымен  экстремистік топтармен байланысы бар деген күдікпен    өзін сырттай аңдып жүрген екі ұлттық қауіпсіздік қызметкерін атып өлтірген.

 

Нұрмұханбет Исаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Таңғы сағат 11 шамасында ол «Мазда -626» атокөлігінің иесі Закировқа қарақшылық шабуыл жасап, «қару қолданамын» деп қорқытып, оны байлап, автокөлігін алып алған. Сағат 11.35-те Қариев қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, оқ-дәрімен атылатын қарудан күзетші Федорченконы өлтіріп, кездейсоқ дүкенге келуші Оразбасов деген азаматты қатерлі жарақаттаған. Дүкенде қылмыскер екі жартылай автомат атқыштар қаруын - «Сайга» және «CZ»  иемденіп, ВАЗ-21099»  қармауға алған,  оның ізіне түскен мамандандырылған күзет бөлімінің 2 қызметкері - полиция сержанты Аямқұлов пен Байсейітовті өлтіріп, олардың табельдік қаруларын - «Калашников» автоматы мен  «Макаров» тапаншасын алған.

Кейін оқиға орнынан қашып шығып, үйіне барады. Үйінен гранатомет алып шығып, Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің ғимаратын атқылаған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ғимарат та бүлінбепті. Қандықол қылмыскер қала ішінде жалғыз өзі екі сағат бойы атысқан.

Нұрмұханбет Исаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- 13 сағат шамасында қылмыскер жарақат алып, жол полициясының дербес батальонының қызметкерлерімен ұсталған. Осы кезде Қариев өзін-өзі жарылысқа түсіріп, осының салдарынан оны ұстаған взвод командирі, полиция капитаны Байтасов  сол жерде қаза болған. Ұстау барысында  орын алған атыста полиция сержанты Алашов та қаза болған.Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сөйтіп, мұздай қаруланған қылмыскер 7 адамды атып өтірген. Оның  5-уі - құқық органдарының қызметкерлері, 2-уі кездейсоқ құрбандар. Тағы  3 тәртіп сақшысы қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Қазір Таразға Ішкі істер министрі  Қалмұханбет Қасымов бастаған жедел тергеу аттанып кетті. Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев халықты сабырлық сақтап,  ғаламторда жалған ақпарат таратып жатқандарға сенбеуге шақырды. Ал қазір еліміздің барлық өңірінде полицейлер күзейтілген тәртіпке көшті. Әзірге қолда бар ақпарат осы. КТК арнасы Тараздағы оқиғаны  басты назарда ұстайтын болады.

Қазір Таразда ғана емес, еліміздегі барлық күш құрылымдары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қала көшелері полиция патрулінің бақылауында. Билік тұрғындарды сабыр сақтауға шақырып отыр. Тілшілеріміз оқиғаның барысын бақылауда ұстайтын болады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде