Алматы-Ташкент тас жолында 8 адам қаза болды
Автор: Бекжігіт Мәуленов
14.11.2011
Оңтүстік Қазақстан облысында екі бірдей жол апатынан 8 адам қаза болды. Қайғылы оқиғаның екеуі де Алматы-Ташкент тас жолында орын алған. Біріншісінде «Лексус» пен «ВАЗ» көліктерінің соқтығысуынан “Жигулидің” жүргізушісі опат болып, екі нәресте мен жолаушы әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы 12 адам жарақат алған.
Дәл сол түні тағы бір жол апаты 4 адамның өмірін қиды. Бұл жолы «Субару» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бағыттағы «Мерседеспен» бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, «Субарудың» қозғалтқышы орналасқан бөлігі жұлынып кетіпті. Екі көліктен төрт жолаушы ажал құшып, жүргізушілері ауруханаға жеткізілген. Тірі қалғандарды көліктің қаңқасын кесіп, алып шығуға тура келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!