{metadescription}
0:000:00
Елбасы лаңкестік әрекеттерге қатысты мәлімдеме жасады

Елбасы лаңкестік әрекеттерге қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев елімізде соңғы уақытта жиілеп кеткен  лаңкестік әрекеттерге қатысты мәлімдеме жасады. Алдымен Елбасы Таразда болған қанды оқиғада қызмет бабында жүріп ерлікпен қаза тапқан полицейлердің туысқандарына қайғырып көңіл айтты. Сонымен қатар  шектен шығып, жұрттың тынышын қашырған экстремистік топтардың көзін құртуға уәде берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мемлекеттің қолында күш те бар, жігер де бар. Мұндай,қайдан келгені белгісіз,лаңкестік жаулар болса да,оларды талқандаймыз, жоқ қыламыз. Оған барлық қажетті жағдайлар бар. Азаматтар мұқият, сергек  болуы керек. Сондай қауіпті адамдарды байқаса, көрсе,  тиісті құқық қорғау органдарына хабарласу керек.

Бүгін Ақордада жоспардан тыс өткен басқосуға барлық шенді-шекпенді шұғыл жиналды. Елбасы ел ішіне ылаң салған лаңкестердің қайдан пайда болғанын анықтап, күш құрылымдары басшыларына діни экстремизммен күресті күшейтуге тапсырма берді. Сондай-ақ, радикалды топтарға шетелден аударылатын қыруар қаржының қайдан түсетінін және оның жолын кесуді қадап айтты. Естеріңізге салсақ, өткен сенбіде Таразда лаңкестік шабуыл болып, 7 адам қаза тапқан болатын. Мақсат Қариев  есімді жанкешті жарты күн бойы тәртіп сақшыларымен атысып, арнынан өз-өзін жарған. Кейін оның экстремистік бағыттағы діни ағымның мүшесі екені анықталды. Марқұмдардың бесеуі -  құқық қорғау органдарының  қызметкері, екеуі - кездейсоқ  тұрғын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.