{metadescription}
0:000:00
Мамандар шылымқұмарларға қарсы «қорқынышты» әдіс тапты

Мамандар шылымқұмарларға қарсы «қорқынышты» әдіс тапты

Бүгін халықаралық темекіден бас тарту күні. Осыған орай елімізде ерікті жастар бастамасымен әртүрлі флэшмоб шаралары ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау министрлігі темекіге қарсы тағы бір қатаң шара қабылдауды жоспарлап отыр. Келер жылдан бастап темекі қорабының сыртында ескертпе мәтінімен бірге шылымқұмардың тәбетін қашыратын қорқынышты суреттер басып шығарылмақ. Елімізде темекіге әуес 5 миллион адам барын ескерген мамандар осындай жолмен бұл санды азайтуға үмітті. 

Бастапқыда балалық ермек, кейін жаман әдет, одан кейін айықпас ауру – темекі деген тентекке құмарды тура өлімге жетелейтін ең қысқа жол.  Қорап сыртындағы «денсаулығыңызға зиян» деген ескертпе де елеу емес,бұл жерде.

Тосқауыл боларлықтай талай әдістер де, үндеулер де жасалып келеді. Тіпті бір кездері темекінің бағасы да әдейі қымбаттатылды. Бірақ шылымқұмарлардың саны одан азайған жоқ.Сондықтан денсаулыққа жауаптылар тоқтам боларлық тағы бір қатаң  әдісті қолданып көрмек.

Ажар Төлеғалиева, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры:

- Асқынған ағза суреттерімен бірге, қорап сыртында міндетті түрде балалардың суреті   салынады. Өйткені  қазір тек ұлдарымыз ғана емес, қыздарымыз да қымсынбастан  шылым  шегеді. Әзірге көшелерге жарнама ілуден бастаймыз. Одан кейін қораптардың өздеріне де саламыз.

 Бұл көк түтінге құмарлар саны ең болмағанда,1 пайызға кемірдеген сенім шығар. Өйткені асқынған өкпенің, тіс қызыл иегінің, көздің, тамақтың, тіпті, іште жатып құбыжыққа айналған нәрестенің суреті қорапты ұстағаннан-ақ темекіге тәбетті қашыруы тиіс. Бірақ дін өкілдері бастаманың өзін құп көргенімен, баланың  суретінің басылуына қарсы.

Нұрмұхамед Иминов, Алматы орталық мешітінің наиб-имамы: 

- Баланың суреті керек емес. Адамға зиянды екенін ескерту үшін қораптарда өкпелердің суреттері  керек. Өйткені содан кейін адамдар темекі тартуын тастауы мүмкін.

Бірақ көпшіліктің қораптағы «қорқыныштың» тоқтам жасай қоярына сенімі аз.   

- Дұрыс. Адам ойланады ғой, «темекі шегейін бе, шекпейін бе?» деп.   

Ол суреттерді көру керек,алдымен. Әбден жүрекке тиіп, әсер ететін болса,  әрине.

- Тастап кете аламын деп айта аласыз ба?

-  100 пайызға - жоқ. Әдет болып кеткен нәрсе ғой.

Темекі шегушілер санын азайту үшін Америка мен Еуропадан бастау алған әлемдік қолданыстағы жоба. 2009 жылдан бері ұсқынсыз бейнелерді қораптарына шығарған Түркияның шылым өніміне деген сұранысы 20 пайызға азайған. Десе де әлемде темекінің  кесірінен адамдардың 90 пайызы өкпе ісігіне, 75 пайызы созылмалы бронхитке, ал 25 пайызы жүрек ауруына шалдығып,көз жұмады екен. Ал әр секунд сайын адам саны бір шылымқұмарға кеміп отыратын көрінеді. БҰҰ 18 қарашаны халықаралық темекіге қарсы үндеу күні деп жариялаған болатын. Бүгін осыған орай Семейде ерікті жастар көпшілікке тәтті ұсынып, шылымды кәмпитке алмастыруға шақырған флешмоб ұйымдастырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде