{metadescription}
0:000:00
Мүгедек жандар  шенеуніктер жіберген олқылықтан зардап шегуде

Мүгедек жандар шенеуніктер жіберген олқылықтан зардап шегуде

Ақтөбенің орталық көшелеріне жаңадан салынған жиектастар мүгедектердің жүріп-тұруына кедергі келтіруде. Тастар биік қаланғандықтан,  арбаға таңылған мүгедектер тротуарға шыға алмай, көлікпен қатарласа тас жолдың бойымен жүруге мәжбүр. Жергілікті атқамінерлер бордюр орнату жұмыстары атүсті жасалғандығын мойындап отыр. Шенеуніктер жіберген олқылықтан зардап шегіп отырған жандармен тілшіміз Жаңалық Ахаш кездесіп қайтты. 

Осыдан екі аптада бұрын Ақтөбенің орталық көшесіне жиек тастар орнатылды. Бірақ көшені көмкере көрік беріп тұрған биіктігі 20 сантиметрлік бордюр қол арбаға таңылғандарды әуре-сарсаңға салды. Мәселен, бірінші топтағы мүгедек Марғұланның да жұмысқа қатынауы қиындаған. Ол алғашқыда бордюрден аттап, тротуарға шығу үшін көшедегі адамдардан көмек сұрайтын. Енді жұртқа жалынудан шаршаған ол қауіпті болса да,жол бойында көліктермен қатарласып жүруге мәжбүр.

Марғұлан Жетесов, Iтоптағы мүгедек:

- Жолды жаңалаған соң  тротуарда арбамен өту қиындап кетті. Жұмыстан қайтып келе жатқанда  тротуарға шыға  алмайсың  Машинаның жолымен жүретін болдық. Құрылысшыларға да, барлық  жерге телефон соқтым, еш нәтиже берген жоқ.

Ал қалалық әкімдіктегілер болса, жол сақшыларының ұсынысы  бойынша жиектастарды жедел түрде жаңартыпты. Бірақ асығыстық жасап,  мүгедектердің жайын ескермегендерін мойындап отыр.

Бекболат Нұрышов, Ақтөбе қалалық коммуналдық шаруашылық және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Бұл қиындықтарды жылдың аяғына дейін толығымен шешіледі деп жоспарлап отырмыз.  Мейрамхана кешенінің алдындағы жерлер толықтай асфальттанды.  Тротуары, автотұрақ - барлығы асфальттанып, саябақтағы  жолдарға  дейін созылады.

Құрылыс компаниялар қандай да бір нысанды салу үшін алғашқыда құжат жүзінде барлығы тиісті деңгейде болады деп уәде еткенімен, кейін олай болмай шығады. Сондықтан қоғамдық ұйымдар құрылысты қабылдап алу кезінде тексеру комиссиясының құрамына «мүгедектерді де қосу керек» деп талап етіп отыр. Себебі, арбаға таңылған жандар жаңа нысанның оларға жарамайтындығын сынақ жүргізіп, дәлелдеп беріп отырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде