Петропавлдықтар екі күн бойы әр ұлттың биін тамашалады
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
21.11.2011
Петропавлда спорттық бал биінен чемпионат өткізілді. Бәсекеге Ресей мен Өзбекстаннан да 300 жұп қатысқан.
Паркет еденде биленетін пасодобль, румба, джайв, ча -ча -ча мен Вена вальсін петропавлдықтар екі күн бойы тамашалды. Бал биі біріншілігінің 12 жыл қатарынан Қызылжар жерінде өткізілуі бекер емес. Себебі: теріскейде шығарылатын паркет еліміз бойынша ең сапалы. Ал мұндағы би мектебі әлем мойындаған бишілерді тәрбиелеген. Биыл да,әдеттегідей, қатысушылар жас дәрежелеріне қарай еуропалық және латынамерикалық билерді орындады. Балалар, жасөспірімдер мен ересектер арасында 12 кубок сарапқа салынған болатын. Барлық жүлделі орындарды отандық бишілер иемденді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!