{metadescription}
0:000:00
Банкті тақырға отырғызбақ болған қызметкерлер тиісті жазасын  алды

Банкті тақырға отырғызбақ болған қызметкерлер тиісті жазасын алды

Петропавлда екінші деңгейдегі банктердің бірін тақырға отырғызбақ болған қызметкерлері бүгін тиісті жазаларын алды. 12 адамнан құралған қылмыстық топ  алты  жыл ішінде 500 млн теңге жымқырыпты. 

Оларға жетекшілік еткен Виталий Михеенко банк бөлімшесінің қауіпсіздік қызметінің бастығы болған. Қаржы ұйымының бірнеше қызметкерімен ымыраға келген ол, 6 жыл бойы кепілдікке қойылған дүкендер мен өзге де коммерциялық нысандарды сатыпты. Сондай-ақ топ мүшелері өз таныстарының атына несие ресімдеумен де айналысқан көрінеді. Осылайша 12 сыбайлас  алты жыл бойы банктің жарты миллиардқа жуық теңгесін жымқырып үлгерген. Осы істі жеті ай бойы қараған қалалық сот топ жетекшісін 9 жылға бас бостандығынан айырды. Қалғандары 3-тен 7 жылға дейін темір торға тоғытылды. Алайда үкіммен ешқайсысы келіскен жоқ. 

Татьяна Бондаренко, қоғамдық құқық қорғаушы:

- Бұл іске банк басшылығының араласқаны анық. Біз үкіммен келіспейміз. Енді облыстық сотқа, қажет болса, Жоғары сотқа шағымданамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.