Елімізде қару-жарақтың есеп-қисабы, құжаты жаппай тексерілмек
Автор: Жаңалық Ахаш
21.11.2011
Еліміздің ІІМ жеке азаматтардың қолында жүрген қару-жарақтың есеп-қисабы мен құжатын түгел тексерілмек. Осы мақсатты республика көлемінде «Қару-2011» жедел тексеру шарасын бастады. Әсіресе қару сататын сауда орындары жіті бақылауға алынбақ. Енді құзырлы орын өкілдері олардың қожайындарына қауіпсіздік мақсатында терезелеріне ғана емес, сөрелеріне де темір тор орнатуды міндеттеді.
Абылай Дүйсебаев, Ақтөбе облыстық ІІД басқармасы бастығының орынбасары:
- Сөреде тұрған қару сым темірлермен қоршалуы тиіс. Себебі: әйнек сөрелерді сындырып, қару-жарақтың қылмыскерлердің қолына оңай түсуіне жол берілмеу керек.
Бүгінде Ақтөбенің өзінде осындай төрт дүкен жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қолында құжаты бар қару иелерін де тексеруге кірісті. Олардың көпшілігінің автомат пен тапаншаны ережеге сай,темір сейфте емес, үйдің қуыс-қуысына сақтайтындығы анықталды. Ережені бұзған 76 азамат әкімшілік жазаға тартылған. Жалпы екі күндік тексеру кезінде заңсыз айнылымда жүрген 20 қару мен 14 оқ дәрі тәркіленді. Ал бес тапанша мен шолақ мылтықты тұрғындардың өздері әкеліп берген. «Білместіктен заң бұздық” деп, өз еріктерімен келіп қару-жарақ тапсырғандарға жаза қолданылмайды»- дейді полицейлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!