Аңшылар назарына: оқ-дәріні арзанға сатамын!
Автор: Олжас Нұрекенов
21.11.2011
Аңшылар назарына: оқ-дәріні арзанға сатамын! Семейде жергілікті басылымдардың бірінде жарық көрген осындай жарнама бірден тәртіп сақшыларының назарына ілікті.
Сөйтсе, мұндай хабарландыруды 60 жастағы қария беріпті. Бұрын аңшылықпен айналысқан ол қалған-құтқан оқ-дәрілерін далаға тастауға қимай, оларды сатып, пайда таппақ болған екен. 50 оқ үшін ол небәрі 2 мың теңге сұраса да, қолданыссыз жатқан дүниенің бірін де сатып үлгермеді. Кенеттен келіп жеткен полицейлер қарттың үйін тінту кезінде 200-ге жуық гильза мен 16-калибрлі патрон табылды. Зейнеткердің бұған дейін заңға қайшы әрекет жасамағаны ескеріліп, тек 6 мың теңге айыппұлмен құтылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары