{metadescription}
0:000:00
Ресейге еліміздің Сыртқы істер министрі ат басын бұрды

Ресейге еліміздің Сыртқы істер министрі ат басын бұрды

Елбасының ресми сапарынан кейін Ресейге еліміздің Сыртқы істер министрі ат басын бұрды. Ержан Қазыханов ресейлік әріптестерімен бірге Еуразиялық үштікке қатысты бірнеше құжаттарға қол қойды.

Министрлер басқосу барысында Сириядағы қақтығысты да сөз етті. Мұнда тек соңғы тәуліктің ішінде бүлікшілер мен билік әскері арасындағы атыстан 20 адам қаза тапқан. Бұл ретте Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияның бүлікшілерімен келісім жүргізуге болмайтынын кесіп айтты. Ал қазақстандық дипломат: «Еліміз алдағы жаздан бастап Ислам елдері ұйымына төрағалық ететін болғандықтан, бұл мәселені жүйелі түрде реттеуге тездетіп кірісу керек» -дейді.

Ержан Қазыханов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Сириядағы жағдайға байланысты, ең алдымен қақтығыстың алдын алуды, келіссөз бастауды және реформа жүргізуді тез арада қолға алу қажет. Күшпен ештеңе шешілмейді. Біздің ұстаным осы.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.