Қарағандыда 4 жарым мың жамағатты қабылдай алатын мешіт ашылды
Автор: Саят Сабдалы
21.11.2011
Бүгін Қарағандыда 4 жарым мың жамағатты қабылдай алатын мешіт ашылды; Тәуелсіздіктің 10 жылдығы атындағы саябақтың қақ ортасынан орын тепкен Алланың үйі егементік мерейтойы қарсаңында үлкен тарту болды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 60 мешіт бар еді, қазір мешіттердің саны үш мыннан асты. Бірақ олардың арасында басқа бағытта жұмыс сітеп жаткандар бар. Біз мұсылманбыз.. суннитпіз. Осы бағытты ұстанып келе жатырмыз. Бірақ, өздерін «мұсылманбыз»деп жүрген неше түрлі бәлелер де бар...
Сондай-ақ бүгін Қарағандыда алып спорт кешені пайдалануға берілді. Оның ішінде бокс, теннис орталықтары мен мұзайдыны бар. Мұнда республикалық және халықаралық жарыстар өткізіліп, еліміздің кілең мықтыларынан жасақталған құрама команда жаттығатын болады. Құрлысына 2 миллиард теңге жұмсалған спорт кешеніндегі зал бірден 5 жарым мың адамды сыйғыза алады. Ал жеке компаниялардың қаражатына салынған бокс орталығы соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған.
Жанат Түсіпбеков, Қарағанды облыстық бокс федерациясының президенті:
- Боксты дамыту орталығының Қарағандыда салынуы тегін емес. Өйткені Қарағанды - қазақ боксының отаны. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында бокс сүйер қауым үшін, жас спортшылар үшін бұл - үлкен сый.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!