{metadescription}
Ақжолдықтар» президиумға аймақтағы өкілдерді сайлауды жөн санапты
Ақжолдықтар» президиумға аймақтағы өкілдерді сайлауды жөн санапты

Ақжолдықтар» президиумға аймақтағы өкілдерді сайлауды жөн санапты

Сайлау алды дайындық шараларын «Ақжол» демократиялық партиясы да пысықтап жатыр.

Осыдан екі апта бұрын Астанада өткен жиында партияның орталық органын жасақтау тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілген. Бұған дейін Астана мен Алматыға арқа сүйеген «Ақ жолдықтар» енді мүше санының көптігіне қарай президиумға аймақтағы өкілдерді сайлауды жөн санапты. Жиынға жаңартылған орталық кеңес құрамымен келген партия мүшелері бес бағыттан тұратын сайлауалды тұғырнамасын талқыға салды. Оның әлеуметтік салаға арналған алқашқы бағыты - елдегі жұмыссыздықты азайту мен білім және денсаулық саласын жақсартуды көздейді. Екінші бағыт - кәсіпкерлердің құқығын қорғап, орта және шағын бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс қолдаудың қандай болу керектігі жөнінде. Жемқорлықты жою мәселесі де назардан тыс қалмады. 

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

- Билік және билікте істейтін қызметкерлер елге қызмет етуге міндетті. Ал бізде кейбір жағдайда керісінше болуда. Сол себепті,ең алғашқы біздің саяси мақсатымыз - өкілетті органдардың, Парламент және Мәслихаттардың құқықтарын кеңейту.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде