{metadescription}
0:000:00
Шымкент:  тегі ғана жазылған жеке куәлік!

Шымкент: тегі ғана жазылған жеке куәлік!

Шымкент тұрғыны сегіз жылдан бері қате басылған төлқұжатпен жүр. Жеке куәлікте 43 жастағы азаматшаның тегі ғана жазылған. Өз есімі мен әкесінің аты көрсетілмеген құжаттың иесі бірнеше жылдан бері осы қателікті түзете алмай келеді. 

Рахматулла Халниязұлы, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Бір айдан соң бардым, олар: «Сіздер көшпейсіздер ғой, бір жаққа бармайсыздар. Болады осы. Бұл заңды. Назарбаевтың заңы. Жүре беріңдер, ешкім сізге тиіспейді»- деді.

Ауғанстаннан 1996 жылы атажұртына оралған Хадижа Ғаниқызы 2006жылы Қазақстан азаматтығын алған. Алайда құжаттандыру мекемесі берген жеке куәлікте оның тегінен басқа мәлімет жоқ. Хадижаның зайыбы Рахматулла:  «Сегіз жылдан бері осы қателікті түзеймін деп  табанымнан таусылдым», -дейді. Осы уақыт аралығында аты-жөні дұрыс көрсетілмеген құжатты алмастыру туралы өтінішті сот органдары  4  рет, АХАЖ бөлімі  2 рет қайтарған екен. Азаматшаның арызын атажұртына оралған кезде тіркеуге алған Көші-қон департаментіндегілер де арызға құлақ аспай қойыпты. Ал осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік қамсыздандыру бөліміндегілер 43 жастағы әйелге зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді бұдан былай қателігі бар құжатпен бермейтінін ескерткен. Жергілікті биліктегі бюрократиядан шаршаған қандасымыз енді тәуелсіз адвокаттарға жүгініп отыр. Бұл іске бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері араласқан соң, Шымкент қалалық АХАЖ бөлімі де көмек көрсететінін айтты.

Еркеш Қажығалиева, Шымкент қалалық  азаматтарды тіркеу және құжаттандыру  бөлімінің маманы:

- Алдымен  азаматтық қабылдаған кезіндегі құжаттардың түбірін тексереміз. Соның негізінде шешім шығарылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.