Алматы барахолкасындағы жарылыста жасөспірім қаза тапты
Автор: Нартай Аралбайұлы
21.11.2011
Алматының атышулы барахолкасында жарылыс болды. «Ялян» базарында пиротехникалар сақталған қойма аяқ асты тұтанған. Төтенше жағдайдың салдарынан 18 жастағы жасөспірім қаза тапты.
Өрт туралы хабар кешкісін сағат төртте түскен. Төтенше жағдайдың ошағына 18 өрт сөндіру көлігі тартылған. Алайда көлік кептелісінің кесірінен жедел жету қиындық туғызыпты. Соның салдырынан мыңға жуық адам жүрген базардың іші қара қою түтінге толған. Артынша өрт ұшқыны қытайлық пиротехникалар сақталған қоймаға да тиіпті. Жарылыстан 18 жастағы бозбала қатты жараланған. Бірақ ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігі ішінде жан тәсілім етті. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құраған. Қазір төтенше оқиғаның неден болғаны тексерілуде. Алғашқы болжам - өрт қауіпсіздігінің сақталмауы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!