{metadescription}
0:000:00
Коммуналдық төлеммен ғаламторда есептесетін уақыт жетті

Коммуналдық төлеммен ғаламторда есептесетін уақыт жетті

Қарыштап дамыған технологияның жаңа жетістігі. Енді тұрғындар коммуналдықтөлеммен үйінен шықпай-ақ, ғаламтор арқылы есептесе алатын болды.

Бірақ мұндай мүмкіндікті әзірше Астана қаласының тұрғындары пайдалана алады. Егер қолға алынған іс сәтті жүзеге асса, оны басқа облыстарда да  қолдану жоспарланып отыр. Тағы бір тың жүйе – бұданбылай жүргізушілер де жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлды интернет жүйесіне қосылған ұялы телефон арқылы өтей бермек. Бұл үшін сексеннен аса мемлекеттік қызмет түрін көрсететін порталға тіркелу қажет. Ал енгізілген азаматтардың жеке басына қатысты мәліметтерді құпия сақтауға шенеуніктер  уәде етіп отыр. Әйтсе де соңғы уақытта Үкімет порталы арқылы тапсырыс берген анықтамалардың ұзақ әзірленетіні жөнінде шағым көп. Енді бұл олқылықты жою үшін Ақпарат және байланыс министрлігі атқарушы орындардың құжат дайындауда шапшаң қимылдауын талап етпек.  

Сәкен Сәрсенов, ҚР Ақпарат және  байланыс министрінің орынбасары:

- Ең бастысы,  Үкімет ашық болсын деген ой. Азаматтарымызға кезекте тұрмас   үшін үйде, кеңседе отырып, кез-келген қызметті электронды алу мүмкіншілігі бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде