{metadescription}
0:000:00
Мемлекеттік бағдарламамен биыл пайдалануға берілген үй жылусыз отыр

Мемлекеттік бағдарламамен биыл пайдалануға берілген үй жылусыз отыр

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша биыл пайдалануға берілген үйлерде тұрғындар тоңып отыр. Коммуналдық мекеме тиісті деңгейде жылу беріп отырғанымен, оны пәтерлерге тарататын қондырғының қуаты тым аз. Себебіқұрылыс компаниясы жаңа үйдің жылу жүйесін шала істеп кеткен.  Енді тастай суық пәтерлерінде бүрсең қағып отырған тұрғындар құрылыс компаниясын сотқа бермекші.

Бұл үйге қаншама жылдан бері баспана кезегінде тұрған мұғалімдер мен дәрігерлер, бюджет саласының қызметкерлері биыл ғана қоныстанған еді. Енді қуаныштары, күн суытқалы, су сепкендей басылды. Жылуы жоқ жаңа үй тұрғындардың құтын қашырды.  

Баспанаға қолдары жетіп қарық болғандар қар түскелі күн сайын аулада жиналыс ашуды әдетке айналдырған. Күн тәрбітінде қаралатын мәселе біреу - жылудың жайы. Себебі: бюджет саласының қызметкерлеріне үй тұрғызған құрылыс компаниясы жоба бойынша жылу жүретін үш құбырдың орнына екеуін ғана орнатып кетіпті. Енді оның  тоғыз  қабатты үйді жылумен қамтамасыз етуге қуаты жетпей отыр. 

Нұржамиға Өтешева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Кішкентай бала түгілі, өзіміз де тоңып жүрміз. Терезеден су ағып тұрады. Сол суды қайта-қайта жинаймыз.Үйдің өзі жақсы салынған.   

 Әнуарбек Төремұратов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Ешқандай жылу жоқ. Ана жақта анау қондырдық, мына жаққа мынау қондырдық десін. Үйге жылу келмегесін,  ол сөздің бізге керегі жоқ. Бізге тек жылу керек. Үйде етікпен жүреміз.  

Құрылыс компаниясы өкілдері бар кінәні тұрғындарға ысырып тастап, жылуға қатысты мәселеден бастартып отыр. Айтуларынша, тұрғындар баспаналарын өздері қысқа қамдамаған.

Бақытжан Кенесарин, құрылыс компаниясы директорының орынбасары:

- Пәтерлерінің ішін өздері  қысқа дайындау керек, майлап, терезелерін  бітеп. Жылу келіп тұр.

Жылусыз үйде электр пешпен жан сақтап отырған тұрғындар құзырлы органдардың барлығына арызданған. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Енді құрылыс компаниясының үстінен сотқа шағым түсірмекші. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде