{metadescription}
0:000:00
Қарлы боранда  9 жастағы бала  кәріз құдығына құлап кеткен

Қарлы боранда 9 жастағы бала кәріз құдығына құлап кеткен

Өскеменде мектеп оқушысы кәріз құдығына құлап, мертіге жаздады. Сабақтан шығып, қарлы боранда үйіне асыққан 9 жастағы бала көше бойындағы құдықтың ашық жатқанын байқамай қалған. Енді баланың бірнеше жері сынып, төсек тартып жатыр. Ал оның ата-анасы сол кәріз құдығына жауапты мекемені сотқа бермек. Алайда «Өскемен Водоканал» басшылығы құдықтардың қақпағына жауап бермейміз”- деп, ат-тондарын ала қашты.

Мектептен шығып үйіне асыққан Жан қарлы боранда ығып келе жатып, ашық жатқан құдыққа тікесінен тік түскен. Тіпті жанында еріп келе жатқан сыныптасы да оның  «ғайып» болғанын байқамай қалыпты. Тек бала жанұшыра айғайлаған кезде ғана досы жан-жағындағы адамдарды көмекке шақырған.

Жан Кәрібаев, зардап шегуші:

- Қатты қорқып кеттім. Арқамда сөмкем болатын. Сол беті аяғыммен тік түстім. Қазір кеудем қатты ауырады.

Жанның кеуде тұсы жаншылып, аяғы сынған екен. Құдықтың ішіндегі үшкір темір-терсектерді көрген анасы жағасын ұстапты. Тап білім ошағының қасында тұрған ашық құдықтарға мектеп басшылығы да мән бермеген. Енді құдықтардың қақпағына жауаптыларды таба алмағандықтан, екі мекемені бірдей сотқа бермек.

Эльмира Гарпиныч, Жанның анасы:

- Сотқа «Водоканал» мен  «Вертикаль»ЖШС   берем,  өйткені түк істемейді.

Мұндай оқиғалар бұған дейін бірнеше рет орын алған. Ал шенеуніктер енді ғана құдықтың маңын қоршап қойып, түк білмегендей кейіп танытуда.

Ерсейіт Нұралдинов, Меновное ауылдық округының әкімі:

-   «Вертикаль», оның  бас  мердігері «ӨскеменВодоканал». Бұлар  жағдайды біледі, оларды ескерткенбіз, жазбаша да. Олар: «Бзде ақша жоқ,  жаздан бері бірнеше рет жасадық, халық ұрлап жатыр» -деп жауап береді.

Сөйтіп, атқамінерлердің айтуынша, бұған «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су құбырын тартып жатқан кәсіпорын кінәлі. Олар мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жетпегендіктен,жұмыстарын орта жолдан тастап кете барған. Ашық жатқан құдықтар да солардың еншісінде.

Қақпақсыз құдықтардан тұрғындар тек зақым шегіп қана жатқан жоқ.  Оған құлап мерт болғандар да бар. Өткен жылы жол жиегіндегі құдыққа байқамай құлап кеткен 66 жастағы қария суға тұншығып көз жұмған. Алайда осындай қайғылы оқиғалардың өзі жауапты мекеме басшыларына әсер етер емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде