КТК телеарнасынан Реал - Атлетик және Хетафе - Барселона матчтарын тамашалаңыздар!
Автор: Елдос Қамбалиев, Төлеген Жұмабек
25.11.2011
Бүгін Астанада коньки тебу спортынан Әлем кубогы жолындағы жарыстың екінші кезеңі жалауын көтерді. Елімізде бұрын-соңды өткізілмеген жарыс шымылдығын 500 метрлік қашықтыққа жарысқан әйелдер додасы ашып берді.
Осы сынға қатысқан жерлесіміз Екатерина Айдова сегізінші нәтиже көрсетті. Катя ертең жарыс жолына қайта шығады. Бұл жолы қазақстандық конькиші 1000 метрлік қашықтықта бақ сынайды. 500 метрлік жарыс жолында күш сынасқан ерлер бәсекесінде үш бірдей жерлесіміз өнер көрсетті. Олардың ішінде ең жоғары нәтиже көрсеткен Виктор Глущенко төртінші орынға табан тіресе, Александр Глущенко мен Роман Креч 17-және 19 орындардан табылды. “Алау” мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан Әлем кубогы үшін жарыс қарашаның 27-не дейін жалғасады.
Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль, Лондонда өтіп жатқан жылдың қорытынды додасынан құр қол қайтатын болды. Өз тобындағы үшінші матчта француз Жо-Уилфрид Тсонгдан ұтылған испаниялық теннисші плей-офф кезеңіне жете алмай кетті.
Екі жарым сағатқа жалғасқан үш сеттегі бәсекенің нәтижесі 7:6, 4:6 және 6:3. Сонымен “В” тобынанан жарыстың плей-офф кезеңінде Роджер Федерер мен Жо Уилфрид Тсонга өнер көрсететін болды. Осы күні 6:1, 3:6, 6:3 есебімен Федерерге жол берген америкалық теннисші Марди Фишке Лондодағы турнирмен қоштасқаннан басқа амал қалмады. “А” тобының қос үздігін бүгінгі турдың ойындары анықтап береді. Мұндағы бір жолдаманың иесі белгілі. Ол испаниялық шебер Давид Феррер. Бүгін сербиялық теннисшілер Новак Джокович пен Янко Типсаревич өзара кездессе, чех Томаш Бердых жолдаманы қалтаға басып үлгерген Давид Феррремен күш сынасады.
Алдағы жексенбі күні “Король жарысы” аталатын Формула –1 додасы мәресіне жетеді. 62- маусымның шымылдығы Бразилииядағы кезеңмен жабылады. Сан-Паулуде негізгі бәсеке Дженсон Баттон, Фернандо Алонсо және Марк Уэббер арасында өрбиді.
Бас бәйгені мезгілінен бұрын қанжығасына байлаған “Ред Буллдың” өкілі Себастьян Феттель тұғыр төріне қонып үлгерсе, қалған жүлделі орындардан осы үш пилот үміткер. Әзірге 255 ұпаймен екінші орынға жайғасқан “Маклареннің” пилоты Дженсон Батон алдағы жарысқа қатысты өз пікірін ортаға салды. “ Бразилия Эмерсон Фиттипальди, Айртон Сенна секілді әлемге танымал спорт жұлдыздары туып өскен мекен. Сан-Паулудегі Интерлагостың жарыс жолы да өзге трассалардан ерекше. Біріншіден,өте күрделі және күрт бұрылыстар өте көп. Кесіп айтқанда, мұндағы тартыс жарыс соңына дейін жалғасады. Мен Бразилияға тек жеңіс үшін келдім. «Егер жолым болып жатса, осы мауысмдағы төртінші жеңісіме қол жеткіземін» деп түйіндеді.
Лозаннада Турд де Франстың үш дүркін жеңімпазы Альберто Контадорға қатысты үш күнге жалғасқан сот отырысы аяқталды. Спорттық арбитраждық соттағы ең соңғы сөзді велошбандоздың өзі алды.
2010жылы ағзасынан пайдалануға тыйым салынған препарат табылған Альберто Контадорды Испания велоспсарбитраждық сот пен Бүкіләлемдік антидопингілік агенттік бұл істі қайта көтерді. Ондаған куәгерлер қатысқан отырыста барлық жақтың аргументтері тыңдалып, соңынан сөз кезегі айыпталушыға берілді. Өзінің баяғы сөзінен танбаған Контадор “сүттен ақ, судан таза” екенін тағы да қайталады. Осы іске қатысты спорттық арбитраждық соттың үкімі тек айдан кейін белгілі болады.
Тұңғыш жеңіс! Футболдан әлем кубогының іріктеу додасы аясында Тонгоны қабылдаған америкалық Самоа құрамасы өз тарихындағы алғашқы жеңісін тойлады.
Голландиялық бапкер Томас Ронген жаттықтыратын самоалықтар әлемдік рейтингте ең соңғы 204-орында тұралап қалғаны қашан. Дүниежүзілік футбол қауымдастығына 1998жылы мүше болған аралдықтар осы уақытқа дейін халқаралық дәрежеде 30 бәсеке өткізіп, барлығында жеңілістен көз ашпаған. Оған қоса 2001жылы Австралиядан 31:0 есебімен ойсырай жеңілген Самоа ең көп гол жіберген команда ретінде рекордттар кітабына да енген болатын. Ал халықаралық аренадағы маңдай алды жеңіске өз аттарын 44-минутта Рамино Отто жазса, үзілістен кейін Шалома Луани тарихи жеңіске өз үлесін қосты. Қонақтар да қарап қалмай,есеп айырмасын қысқартты, алайда бұл күні Самоа құрамасының айы оңынан туыпты.
Құрметті футбол сүйер қауым! КТК телеарнасы футболдан Испания чемпионатынан тікелей көрсетілімдерді одан әрі жалғастырады.
Сенбі күні түнгі сағат 01:00-де Реал- Атлетико және - Хетаф” –Барселона арасындағы матчтарды тамашалай аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!