Корпоративтік басқаруды дамытуға көңіл бөліне бастады
Автор: Ғабит Ұзақбай
25.11.2011
Елімізде корпоративтік басқаруды дамытуға соңғы уақытта зор көңіл бөліне бастады. Осы мақсатта Астанада корпоративтік хатшылардың екінші форумы болып өтті. Мұндай жиынның негізгі мақсаты – шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу.
Форумға Ұлыбританияның тәжірибелі мамандары қатысты. Корпоративтік хатшылардың атқаратын міндеті зор. Олар компания мен акционерлер арасында немесе директорлар кеңесі мен басқарма өкілдерін кездестіріп, келелі мәселелерді шешуді ұйымдастырады. Корпоративтік хатшыларға қойылатын талаптың үдесінен шығу да оңай емес.
Отандық мамандардың жоғары біліктілігі шетелдіктермен бәсекеге түсе алатын дәрежеге жеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!