{metadescription}
0:000:00
Қырғыз актерлері қираған  ғимараттарда өнер көрсетуде

Қырғыз актерлері қираған ғимараттарда өнер көрсетуде

 Қырғыз актерлері қойылымдарын қирап біткен ғимараттарда сомдап жатыр. Шығармашылық ізденіс үшін деп ойламаңыз. Бішкек драма театрының өз шаңырағы жоқ екен. Амалы таусылған  артистер  дайындықты жартылай қираған нысанда өткізіп, тіпті өнерлерін де сонда көрсетуге мәжбүр. Әзірге олардың жанайқайына билік те елең етер емес.

«Қаңғыбас актерлер». Бішкек драма театрының режиссері өздерін осылай атаудан басқа амалы қалмады дейді. Арсен Өміралиевтің айтуынша,бірнеше жылдан бері ұжым анда-мында көшумен келеді. Соңғы рет кітапханаға тұрақтаған екен. Жақында  артистерді ол жерден де шығарып жіберген. Қазіргі паналағандары қаладағы Мәдениет басқармасы. Мұнда шенеуніктер күніне  екі сағат дайындық жасауға рұқсат етіпті. 

Бұл жердің де жарып тұрғаны шамалы. Төбесінен су сорғалап тұр.  Артистер әуенмен емес, жанды дауыспен ғана дайындалып жатыр. Өйткені бұл ғимаратта жарық та жоқ. Алайда, актерлер барға қанағат етіп отыр. «Өз театрымыздан әлдеқайда жақсы» -дейді. Бұрынғы шаңырақтарынан жұмыс істеу мүмкін болмаған соң, осыдан үш жыл бұрын қуып шығыпты. 

Алтынбек Мақсұтов, Бішкек қаласы драма театрының актері:

- Екі спектакль қойдық. Дәл күзге тұс кеп қалды. Қазаннан қарашаға дейін. Қарашада қар жауып, мұнда өте суық болды.   

Жергілікті билік ұжымға көп созбай (өз ғимараттарыңа көшіреміз( деп уәде еткен, сол үш жыл бұрын. Алайда  ескі театр сол күйі қаңырап әлі тұрған көрінеді. Бішкек шенеуніктері мән-жәйді түсіндіруге құлықсыздық танытты ма,  әйтеуір, “сәлемін” театр директоры арқылы жолдап жіберіпті.

Урмат Белекбаев, Бішкек қаласы драма театрының директоры:

- Ақша жоқ. Меніңше,  қаржы қиындығы тек бізде емес, бүкіл елде бар сияқты. Сондықтан мұншалықты шу көтерудің қажеті жоқ.

Дегенмен, өнер үшін барын беретін театр ұжымы қол қусырып қарап отырмақ емес. Көрерменге тың дүниелер ұсынуда. Тіпті жақында жаңа спектакльдің тұсаукесері өткен. Бірақ декорация деген атымен жоқ. Кәдімгі топырақ үстінде өнер көрсетті. Бұрынғы театр ғимаратын қайта іске қосу үшін ең кемі тағы жарты миллион АҚШ доллары қажет екен. Ондай қаражат қазынадан табылмай отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде