{metadescription}
0:000:00
Құрығы ұзын билік партиясы Төменгі палатадағы орынтаққа таласты бастап кетті

Құрығы ұзын билік партиясы Төменгі палатадағы орынтаққа таласты бастап кетті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астанада кезектен тыс сьезін өткізіп, сайлауалды тұғырнамасын бекітті және партия атынан саяси додаға түсетін кандидаттарының толық тізімін жариялады. Облыс әкімдері мен білдей министрге дейін жайлы қызметін ауыстырып, депутат болудан үмітті екен. Тізімде көптен бері көлеңкеде жүрген саяси тұлғалардың есімдері де бар. Сондай-ақ «Нұр Отанның» атынан еліміздің бірқатар спорт және өнер жұлдыздары да сайлауға түспек ниетте.

Қатардағы мемлекеттік шенеуніктен бастап,министр,  әкім,  жалпы «Нұр Отанның» құрамындағы саяси элита тайлы-тұяғы қалмай таңнан Тәуелсіздік сарайына ағылды. Қызу қарбалас. Бүгін партия үшін маңызды күн. Сондықтан Елбасы да сьезге жиналған  600-ден астам делегатты көп күттірген жоқ. Дереу сөз алып, алғашқы мәлімдемесін жариялап жіберді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан  Республикасының Президенті:

- Ел болашағын айқындауға мүмкіндік беретін осы сындарлы сынақта Қазақстан халқы қолдау көрсетіп, «Нұр   Отан» партиясы басым дауыс алады деп кәміл сенемін.

850 мыңнан аса мүшесі бар, әрі көшбасшысы Назарбаевтың өзі болғандықтан, ірі саяси күштің жеңіске жететініне ешкімнің күдігі жоқ. Мерекелі көңіл-күйдің әсері ме, әйтеуір алқалы басқосуда Президент атына мадақ айтушылардың қарасы көбейіп кетті. Мысалы, төрге шығып, шабытқа ерік берген актер Нұрлан Әлімжан да кинода Нұрсұлтанның жастық шақтағы бейнесін сомдағанын айтып, қайталанбас кейіпкерін біраз мақтады. Оны тыңдап болған Президент өзгелерге асыра сілтеуге ұрынудың қажеті жоқтығын өмірден алынған мысалмен түсіндіргендей болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан  Республикасының Президенті:

- Американың президенті Джордж Буш жұмыстан кеткеннен кейін сол университетте жүріп, ішкенін, төбелескенін, мас болғанын, барлығын көрсеткен. Мені президент болып отырғаннан кейін қалай көрсетесің?Айтайын дегенім:  аспаннан салбырап, топ ете қалған адам жоқ, жастардың бойында болатын кемшіліктер басымызда болған, оны қазір сен қалай көрсетесің?

Осыдан соң көптің шыдамын тауысқан сәт те келіп жетті. «Нұр Отан»    партиялық тізім бойынша саяси додаға түсетін үміткерлерінің есімдерін жариялады. Ұзын саны 127 кандидат. Мәжіліске  сайлауға түсетіндердің аты-жөні жарияланғанда ешкім күтпеген адамдардың да аты аталды. Төменгі палатадағы орынтақтан көптен көлеңкеде жүрген Дариға Назарбаеваның да үміті бар екен. Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Қостанай облысын бірнеше жыл басқарған әкім Сергей Кулагин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұханбетов те бар. Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко да қайтадан Мәжілісте отырудан дәмелі. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов те осылардың қатарында. Халық қалаулысы атанудан спорт пен өнер саласының майталмандары да қалыс қалмады.

Нұрлан Абдуллин,әнші ҚР Мәжілісіне депутаттыққа үміткер:

- Бұл мен үшін үлкен сенім. Егер сайланып кетіп жатсам, Елбасының артқан сенімін  орындаймын. Мәдениет,өнер мәселелерімен айналысамыз ғой,өтіп жатсақ,әлбетте.

Ермахан Ыбырайымов, Олимпиада чемпионы,ҚР Мәжілісіне депутаттыққа үміткер:

- Әлі бұл тізім ғой. Өтсек,  салауатты өмір салты, бұқаралық спорт мәселерін көтереміз.

Әйгілі велошабандоз Александр Винокуров та депутаттықтан «кетәрі»емес. Партиялық тізімге кіргендердің арасында қаржылық дағдарысты сылтау етіп, өз еркімен тарап кеткен  төртінші шақырылымның біраз депутаттары да табылды. Өтпей қалғандары да баршылық, олар өкпелі сияқты.

Бекболат Тілеухан, ҚРПарламенті Мәжілісінің экс-депутаты:

- Болам деп ойладым.Бәрін күттім.

Сонымен үлкен әкімшілік ресурстарға ие, құрығы ұзын билік партиясы төменгі палатадағы орынтаққа таласты бастап та кетті.

 «Нұр Отанның» қазіргі қарқынына қарап, жеңіске жететінін ашық айтуға әбден болады. Ал заң бойынша су жаңа Парламент  қайта сайланған соң,  Үкімет қайта жасақталуы тиіс. Оның құрамында 4 аймақтың әкімі мен бір министрдің болмауы мүмкін екені бүгінгі сьезде белгілі болып қалды. Депутат атанудан үміткерлердің ішінде  өнер мен спорт саласының майталмандары да көп екенін ескерсек, бұйырса, Төменгі палата нағыз «жұлдызды» Мәжіліске айналғалы тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.