{metadescription}
0:000:00
Семейде  ұсталған педофилге қатысты жаңа мәліметтер!

Семейде ұсталған педофилге қатысты жаңа мәліметтер!

Семейде 7 жасар қызды зорламақ болған  азғынға қатысты жаңа мәліметтер шығып жатыр. Жәбір көре жаздаған, қатты есеңгіреп қалған  қыз бір ай дегенде есін жиып, ата-анасына болған оқиғаны жайып салған. Қаршадай қыз тіпті педофилді танып та отыр. Бірақ оны жергілікті полицейлер қамауға алуға асығатын түрі жоқ. 

Бізден өзінің бет-жүзін көрсетпеуді өтінген 40 жастағы Берік қызын қорлай жаздаған азаматтан кегін жұдырықпен қайтармақ болыпты. Бір ай бұрын белгісіз қылмыскерден жәбір көрген қыз күдіктіні көшеден көріп, бірден әкесіне айтқан. Сөйтіп, 7 жасар бүлдіршіні нұсқаған жігітті үйіне дейін аңдып, мекен-жайын полицияға хабарлапты. Бірақ, айтуларынша, тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданбай отыр.   

Берік, жәбірленушінің әкесі:

- Бүкіл куәгерлерді біз өзіміздің машинамызбен алып бардық, сол жерге. Жарты сағатқа деп айтқан. Төрт сағат  күтіп отырдық. Ешқайсысы менің қызымнан да сұраған жоқ, «мына жігіт саған тиісті ме, танисың ба?» деп. Куәгерлерден де ештеңе сұраған жоқ. Есікті жауып тастады.Неге  істі жылы жауып, үндемей отырғанын өздері айтсын.

Полицейлер  тергеу амалдарына байланысты әзірше сұхбат бермей отыр. Ал қылмыскердің қолынан әзер аман қалған қыз түн ұйқысынан айырылып, өз көлеңкесінен қорқатындай жағдайға жетіпті.

Динара:

- «Мен сенің үйіңді білемін. Біреуге айтсаң, үйіңе келіп, өлтірем» - деді.

Жантүршігерлік оқиға өткен айдың ортасында орын алған. Қылмыскер баланы тоғайға алып барып, арам пиғылын жүзеге асырмақ болса керек.

Жеті  жасар мектеп оқушысы  бұл жолмен жүруден қорқып қалған. Себебі,баланың зәре-құтын қашырған педофил оған дәл осы мектепке барар жолда шабуыл жасапты. Содан бері  бір айдай уақыт өтті. Жантүршігерлік жайттан енді ғана есін жиған қыз оқиғаның жай-жапсарын ата-анасына айта бастапты.

Бүгінде бала үйден шығу тұрмақ, жалғыз қалудан қорқады. Ата-анасының оны тек жұбатудан басқа амалдары қалмаған.

- Саған тиіскен ағадан қорықпа. Біз оны милицияға айтамыз, ұстап аламыз. Көрсең, «танимын»  деп, көрген бетте бізге  телефон соқ, жарай ма?

Қазір Семей қаласында тағы бір педофил іздестірілуде. Осыдан екі ай бұрын 43 жастағы азғын 1-сыныпта оқитын баланы тура мектептің маңында  зорлап кеткен. Тәртіп сақшылары оның кім екенін де анықтаған. Алайда айуандық әрекетке барған қылмыскер әлі ұстатпай жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.