{metadescription}
0:000:00
Астананың “Барысы”   “Северстальдан” ойсырай ұтылды

Астананың “Барысы” “Северстальдан” ойсырай ұтылды

Континенталдық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың “Барысы”  Череповецкіде жергілікті  “Северстальдан” ойсырай ұтылды.  

Есеп - 7:1. Бүгінгі ірі жеңістен кейін “Северсталь”  өз конференциясында   бесінші орынға көтерілсе,  “Шығыс” конференцияда бақ сынайтын қазақстандық клуб  алғашқы үштіктен алыстай түсті. 

Миннесоталық  хоккейшілердің  ала-құла  өнер көрсетуі  одан әрі жалғасуда.   Осы турдың алдында қатарынан екі рет жеңіліс тапқан “Миннесота” кезекті ойын күні   өз жанкүйерлеріне азды-көпті тарту жасады.

Жеңіліспен аяқталған екі ойынға тоқталсақ, алдымен 5:2 есебімен “Эдмонтоннан” ұтылған  “Миннесота”келесі күні өз алаңында дәл осындай есеппен  “Калгариге ” жол берді.  Қатарынан екі рет сүрінген  миннесоталықтар  “Тампаға” қарсы матчты  ұзаққа созылған барлаудан бастады.  Олардың бұл тактикасы өз жемісін берді де.  3:1 есебімен жеңіске жеткен “Миннесота”бүгінгі матчты тамашалауға жиналған  он алты мыңдай көрерменнің  көңіліне жол тапқандай болды.

Осы күні өткен матчтардың бірінде   “Эдмонтон ” 1:2 есебімен  “Нэшвиллден” мүлт кетсе,  “Лос-Анжелес” 2:0 есебімен  “Сан-Хоседен ” басым түсті.

Футболдан Аргентина чемпионатының 15-туры турнир кестесіне айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Осы маусым жеңілістің ащы дәмін тата қоймаған  “Бока Хуниорс” кезекті үш ұпайды қоржынға салды.

Ойын тізгінін бірден қолға алған қонақтар көп ұзамай дегеніне жетті.  Кездесудің 10-минутында оң қапталдан пас алған  Дарио Цвитанович, “Годойдың” қақпасын дәл көздеді.  Үзіліске дейін таразы басын теңестіруге барын салған  алаң иелерінің  бұл  әрекетінен еш нәтиже шықпады. Ал кездесудің 37-минутында осы матчтың үздік ойыншысы танылған Цветановичты шалып жыққаны үшін “Годойдың” қақпасына пенальти белгіленді. Нүктеге жақындаған Роландо Скьяви 11 метрлікті мүлтіксіз орындады. Алайда намысқа тырысқан алаң иелері 87-минутта есеп айырмасын қысқартты. Алыстан   қақпаның жоғарғы бұрышын дәл көздеген Анхель Роджерс бұл бәсекеге нүкте қойды. Осы жеңістен кейін “Бока Хуниорс” 33 ұпай жинап, басты қарсыластарын шаң қаптырып кетті. Екінші орында 25 ұпаймен “Расинг” жайғасса, “Велес Сарсфилд” үштікті түйіндеп тұр.  

Әлем футболының жарқын жұлдыздарының бірі -Дэвид Бекхэм өз командасын Индонезия  құрамасына қарсы жолдастық кездесуге бастап шығатын болды.

Осы маусымда Америка біріншілігін алғашқы орынмен аяқтаған “Гэлакси” енді Азия елдеріне сапар шекті. Олардың  сары құрлыққа  сапары  Индонезиядан басталды.  Осы турнедегі кездесулердің бірі   Бекхэм үшін  “Гэлакси” сапындағы соңғы матч болуы да ғажап емес.  Өйткені 36 жастағы  жартылай қорғаушының екі жақты келісім-шарты желтоқсанның 31 күні  өз  күшін жояды.  Әзірге  әлемге әйгілі футбол баһадүрі әзірге  қандай да бір клубпен келісімге келгені жайында тіс жара қойған жоқ. Дегенмен  оған көз салып жүрген клубтар да баршылық.  Мысалы,   Францияның “ПСЖ” және  Англияның “Тоттенхэмі”  Дэвид Бекхэмді өз сапынан көрігісі келеді. .        

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. 2014-жылы футболдан әлем чемпионатын қабылдайтын Бразилия спорт төңірегінде жүрген шенеуліктердің басын қосып, бірлесіп  жұмыс атқаруға шақырды.

Бұл жолғы халықаралық конференцияны әйгілі бразилиялық футболшы әрі бапкер  Зико бастап берді. Одан әрі сөз алған осы елдің спорт министрі Альдо Ребело  шешімін таппай келген мәселелерді ортаға салды. Мәселен,  бірнеше ай бұрын әлем чемпионатына бөлінген қаражатты талан-таражға салды деген айыппен бірнеше шенеуіктің үстінен іс қозғалған. Алдағы уақытта жемқорлықпен күресті күшейтуге уәде берген министр құзырлы органдарға міндетін  «абыроймен атқарса»  деген үндеу тастады. Халықаралық турнирлерді абыроймен өткерген елдердің өкілдері де тәжірибелерімен  бөлісіп, барынша көмек беруге әзір екендіктерін мәлімдеді. Сондай-ақ  конференция аясында футбол тақырыбына арналған шағын көрме ұйымдастырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде