20 секундта 20 шегені тісімен суырып алды!
Автор: Дастан Шымырбай
29.11.2011
Күш атасын танымас. Бішкектің орталық алаңында Гиннестің рекордттар кітабы үшін ерекше көрініс ұйымдастырылды.
Жергілікті тұрғын 20 секундтың ішінде тісімен 20 шегені ағаштан суырып алды. Одан бөлек, 1 минутта 50 жаңғақ шағып, 12 тонналық автобусты 33 метрге дейін сүйреді.
Таң қаларлық әрекеттерді 35 жастағы Нұрлан Әлішеров орындап шықты. 2-ші топтағы мүгедек арнайы спортпеншұғылданбаған. Бірақ өз бойындағы дарынды Нұрлан тек өткен жылы байқапты. Енді тісімен талайды таң қалдырған ол ұшақ немесе пойыз құрамын сүйреймін деп бел буған. Бірақ Гиннестің рекордтар кітабына кіру үшін тісті палуанға материалдық көмек керек. Айтуынша, бұл бүгінде жалғыз кедергі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!