Елімізде қолдан ұрықтандыру арқылы дүниеге келген бүлдіршіндер - 6 мың!
Автор: Бекзат Жүсіп
29.11.2011
Алматыда 350 бүлдіршіннің басын қосқан егіздер шеруі өтті. Шараны ұйымдастырған Репродуктивті медицина институты бұл бастамаларын тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнағандарын айтады.
Шеру «20 игі іс» атты халқтық акция шеңберінде өтті. Мұнда келген балалардың 300-і егіздер болса, 50-і үшемдер. Мамамандардың айтуынша, елдегі ерлі-зайыптылардың 15 пайызы өздігінен бала сүю бақытынан айырылғандар санатында. Дегенмен қазіргі медицина мүмкіндіктерін пайдаланып, қолдан ұрықтандыру арқылы сәбилі болып жатқандар көп. 97-ші жылдан бері осы жолмен дүниеге келген бүлдіршіндер саны 6 мыңға жеткен. Көп жағдайда мұндай тәсілмен бала көтерген әйелдер дүниеге егіз әкеледі екен. Бүгінгі шараға жиналған балалардың көңілін ертегілер елінен келген кейіпкерлері мен сайқымазақтар көтерді. Балақайлар да қарап қалмады. Өз өнерлерін ортаға салды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!