{metadescription}
0:000:00
Чак Рассел Алматыға “Мың бір түндегі” Шахерезаданы іздеп келіпті

Чак Рассел Алматыға “Мың бір түндегі” Шахерезаданы іздеп келіпті

Әйгілі ертегі елең еткізер фильмнің негізі болды. Елімізде шығыс жақұты - “Мың бір түн” желісімен фильм түсірілмек. Қолжазбасы сонау ІХ ғасырда табылып, күні бүгінге дейін айтылып келе жатқан ертегі бойынша кино түсіруді қазақ киногерлері мен Голливудтың әйгілі режиссері Чак Рассел қолға алып отыр. Рөлдердің бірін танымал актер – америкалық Энтони Хопкинс сомдамақ. Ал елімізден қандай әртістердің қатысатыны әзірге белгісіз. Бүгін «Қазақфильмде»осы ірі жобаға байланысты кастинг басталды.

«Кастинг өткізіп жатыр»дегенді естіп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жеткендердің қарасы мынау. Мұндай топтың арасынан іріктеу жұмысын Чак Расселдің өзі жүргізді. Джим Керри ойнаған “Бетперде”, Арнольд Шварценеггер сомдаған “Тазалаушы” фильмдерін дүниеге әкелген ол бүгінде Алматыға “Мың бір түндегі” Шахерезаданы іздеп келіпті.

Айтуынша, Шығыста ғана емес, көрші Қытайда, тіпті, Солтүстік Африка елдерінде кеңінен таралған ертегіні өзі де естіп өсіпті.

Чак Рассел, режиссер (АҚШ):

- Менің әжем де осы «Мың бір түнді» талай айтып берген. Бала күнімде естіген ертегім әлі күнге құлағымда. Оның кітабы да таралымы жағынан әлемде Құран мен Інжілден кейінгі 3-ші орында екен. Сондықтан барлық елдің тұрғындары осы ертегіні жақсы біледі. Бұл фильм болып шыққанда көрермені өте көп болады деп сенем. Бұйырса бәрін таң қалдырамыз.

Фильмдегі басты, екінші пландағы және эпизодтық рөлдердің басым көпшілігін елімізден шыққан әртістер сомдайды. Олардың алды қазірдің өзінде Голливудқа барып, «Universal»студиясында тәжірибелерін  жетілдіріп келген. 

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

- Бұл үлкен бақыт, біз үшін. Лос-Анжелеске барып келдік. Кастингке қатысып жатырмыз, Чак Расселмен сөйлесіп жатырмыз.

Отандық әртістерден бөлек,  сол Голливуд жұлдыздары да  фильмге қатысуы мүмкін. “Мың бір түннің” продюсерлерінің бірі - “Қазақфильм” қазір әйгілі кино майталмандарымен келіссөз жүріп жатқанын жеткізді. 

Ермек Аманшаев,  “Қазақфильм” АҚ бас директоры:

- Энтони Хопкинс, Лиам Хемсворд секілді танымал жұлдыздармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Аяқталуға да жақын, ұсақ-түйегі ғана қалды. Ал бізде іріктелген актерлерді Дженифер Лопес, Камерон Диас секілді жұлдыздарды дайындаған мамандар арнайы курстан өткізіп, біліктілігін арттырады.   

Кастинг тек еліміз бен АҚШ-та ғана емес, көрші Қытайда да өткізіледі. Яғни картинаға қатыстатын әртістер құрамы да бірнеше елден жиналады. Сондықтан бұл кино тек елімізде көрсетіліп қоймай, шетелдік көрермендерге де жол тартпақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде