{metadescription}
0:000:00
Нұрсұлтан Назарбаев  ең жоғары марапат - «Халық қаһарманы» атағына ұсынылды

Нұрсұлтан Назарбаев ең жоғары марапат - «Халық қаһарманы» атағына ұсынылды

 Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Елбасыға ерекше тарту жасалмақ. Бүгін Үкімет Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздегі ең жоғарғы мемлекеттік марапат - «Халық қаһарманы» атағына ұсынды. Әріптестерінің атынан үндеуді жалпы жұртқа Әділет министрі жария етті.

Рашид Түсіпбеков ҚР Әділет министрі:

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасына «Халық қаһарманы» атағын заңды түрде бекітуді ұсынамын.

Ұсынысқа орай,  қолданыстағы заңдарға шұғыл түзету енгізілуі керек. Қолдау тапса, тұңғыш Президенттің тәуелсіз мемлекет құрудағы тарихи рөлі ескеріле отырып, оған «Халық қаһарманы» атағы берілмек. Онымен қоса Елбасыға «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендері қоса табысталады. Тиісті заңға өзгеріс енгізу жобасы дайындалып та қойған екен. Үкімет басшысы оған сол жерде қолын қойды.

Мәсімов: - Это, наверное, самый важный документ, который я когда-либо подписывал...

Енді Үкіметтің бірауыздан бекітіп берген толықтыруларын Сенат қарайды. Мәжіліс тарағалы бұл құзырдың  Жоғарғы палатаға өткені белгілі. Айта кетейік, үш жыл бұрын да Президент дәл осылай «Еңбек ері» атағына ұсынылған болатын. Бірақ одан Елбасының өзі бас тартқан еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.